1 наурыз қандай мереке?

Иә, бәрімізге мәлім бір факт — 1 наурыз алғыс айту күні. Бірақ алғысты кім-кімге айтуы тиіс? Бұл күн Қазақстан ұлттары ассамлеясының құрылған күні. Негізгі деректерге сүйенсек, бұл күні әр этнос бір-біріне алғыс айтады екен.

Соның бірі, һәм бірегейі — қазақ ұлтына деген алғыстың ерекше болуы. Бұл туралы Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы былай деп келтірген еді: «Қазақстан халқы ассамблеясы құрылған күн – 1 наурызды жыл сайын барлық этностардың бір біріне және мейірбандық танытып, ол адамдарды өз туғанындай қабылдаған қазақтарға алғыс айту күні ретінде атап өту әділетті болар еді. Ол күн бізді бұрынғыдан да гөрі жақындастыра түспек. Бұл күн мейірімділіктің, бүкіл қазақстандықтардың бір біріне деген достығы мен махаббатының жарқын мерекесі бола алар еді», – деген болатын.

 

Демек бүгін өзге ұл өкілдері ел иесі, жер егесі қазақтарға алғыс айтатын күн. Осынау байтақ даланы, кемеңгер елді тең бөліп, иықтас қылып өмір сүргеніміз үшін алғыс айтатын бірден-бір мереке. Ендеше мереке құтты болсын қазақ елі.

 

Дереккөзі: http://247media.kz/


01.03.2018 12:37 жарияланды
0 рет көрілген

Бөлсіңіз:

Добавить комментарий

Для отправки комментария вам необходимо авторизоваться.


Pедакторы: Сұлтан Ұланұлы
Телефон: 8(778)6241825
Почта: 052893@mail.ru
Яндекс.Метрика