7 неге киелі?

Қазақ жеті санын қасиетті деп есептеген. Жеті қат көк, жеті ғалам, жеті ғашық, жеті мүше, жеті жұт, жеті амал, жеті қазына деп, ата -бабамыз қоршаған ортаны, табиғат жаратылысын, пендеге қатысты құбылыстарды жік- жікке бөліп, əрқайсысына ат беріп, ен тағып кеткен.


1. Жеті қат көкке жататындар: Ай, Меркурий, Шолпан, Күн, Қызыл Жұлдыз (Марс), Юпитер, Сатурн.
2. Жеті ғалам: күншығыс, күнбатыс, түстік, терістік, аспан -жоғары ғалам, Жер-орта ғалам, Жер асты -төменгі ғалам.
3. Жеті ғашық: Лəйлі-Мəжнүн, Жүсіп-Зылиха, Фархат -Шырын, Сейпіл-Мəлік- Жамал, Тахир-Зухра, Қозы Көрпеш -Баян Сұлу, Бозжігіт-Ануаз.
4. Жеті мүше: бас, екі қол, екі аяқ, кеуде, іш.
5. Жеті жұт: зілзала,соғыс, өрт, сел, қуаңшылық, індет, ақ қар-көк мұз.
6. Жеті амал: күннің тоқырауы, қарашаның қайтуы, Үркердің батуы, мұздың қатуы, киіктің матауы, тоқсанның кіруі, Айдың тоғамы.
7. Жеті қазына: жүйрік ат, қаққыш тазы, алғыр қыран, түзу мылтық, қара қазан, алмас кездік, шаңырақ.

«Жеті қазына» кітабынан


03.05.2018 15:14 жарияланды
0 рет көрілген

Бөлсіңіз:

Добавить комментарий

Для отправки комментария вам необходимо авторизоваться.


Pедакторы: Сұлтан Ұланұлы
Телефон: 8(778)6241825
Почта: 052893@mail.ru
Яндекс.Метрика