Аттракцион иелері туристің мүрдесін өзенге ағызып жіберген (Видео)

Перуде қайғылы оқиға орын алды. Экстремалды аттракциондардың бірінде адам өлімі тіркелді. Аттракцион иелері жауапкершіліктен құтылу үшін турист мүрдесін өзенге ағызып жіберген. Барлығы анықталып кінәлілер тұтқындалды.

Испан қызы Натали Салазар Перуге жаңа жылдан кейінгі демалыс күндерін Перуде өткізбек болып шешкен. 2 қаңтар күні Натали нөміріне оралмаған. Содан бері хабар-ошарсыз кеткен. Мұны білген ата-аналары мұхит асып, қызын іздеп келеді.

Құқық қорғау орган қызметкерлері Салазарды іздеуге көшеді. Ең алдымен оның қалта телефоны табылады. Эстремалдардан сұрау алу нәтижесінде олар берген жауаптарынан жаңылып, ақыры кінәларын мойнына алды.

Аттракцион жабылып, Перудегі осы тектес саябақтарды тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр.


18.01.2018 08:13 жарияланды
0 рет көрілген

Бөлсіңіз:

Добавить комментарий

Для отправки комментария вам необходимо авторизоваться.


Pедакторы: Сұлтан Ұланұлы
Телефон: 8(778)6241825
Почта: 052893@mail.ru
Яндекс.Метрика