Басқа ғаламшарлықтарға сенесіз бе?

Қазір ғаламтор заманында ғаламшарлықтарға сенетін адам жоқ деп айту қиын. Себебі, балалар неше түрлі ойын-сауық орталықтарында беймәлім ойындар ойнап саналарың ластайды. Демек, олардың ғаламшарлықтарға сенбейтініне, жан әлемі сол ойынмен бірге өмір сүрмейтініне кім кепіл! Жалпы өз басым ғаламшарлықтар бар дегеніне мүлдем сенбеймін. Және де Алла бар екеніне сенетін адам, ғаламшарлықтардың барына сейбейді деген ойдамын! Қазақстанның ұлттық құрамы aлуан түрлі болса да, халықтың 70 пайыздан астамы мұсылмандар болып табылады, яғни, ғаламшырлықтардың барына сенбейтін адам осынша деп толықтай айта аламын! А​л, басқа дін өкілдерінің сеніп, сенбейтініне жауап қайтару менің еншімде емес. Мен үшін басқа ғаламшарлықтарға сенген адамдар, өздері сол жерден келгендей көрінеді.
Сонымен, өзге ғаламшарлықтар бар ма, жоқ па деген сұраққа келсек дүниенің төрт бұрышынан «біз оларды көрдік, куәгер болдық» деп жар салған, тіпті бейнетаспаға түсірген бейнелерін де ғаламторға салып дәлелдеуінен сенбесіңе қоймайды. Ал, неге Қасиетті Құранда олар туралы бір де бір сөз жоқ. Тек періштелер, жындар, сайтан туралы және пайғамбарлар, жан-жануарлар, өсімдіктер және т.б. жайлы айтылады. Ал өзге ғаламшарлықтар туралы мәлімет жоқ. Иә, пайғамбарымыз с.а.с.-ның жүрегін тазалап кететін жасыл денелі адамдар жөнінде бір,екі жерінде ғана айтылғаны болмаса, өзге ақпарат жоқ. Менің ойымша, біз оларды өзіміз зерттеп, білуіміз қажет. Мүмкін, бізді ізденсін деген де болуы керек. Ал, екінші ойым мүлдем басқа. Біздің өзге ғаламшарлықтар деп отырғанымыз адамдарды ақылдан адастыру, діннен шатастыру, құдайға деген сенімді жоғалту үшін арнайы жіберілген Дәджалдың әскері болар бәлкім. Дәджал туралы хадистерде айтылған. Ол жөнінде білмейтіндер ғаламтордан біліп алар, мен оған тоқталмайын. Ал Дәджалдың суды мекендеп, уақытын күтіп, яғни ақырзаманды тағатсыздана тосып жатқаны айтылады. Демек біз осы тұста Бермуд үштағанына (Бермудский треугольник) барып қонып, су астына кіріп кетіп жатқан ұшатын табақшалар «тәрелкелер» туралы естіп жатырмыз. Және олар бір қызық жері қай жерде, қай елде болмаса да бірнеше тілде, әлем тілдерінде еркін сөйлесе білетінін естудеміз. Сонда бізді ғаламшарлықтар зерттеп, танып қойғаны ма, тілімізге дейін меңгеріп алды ма? Технологиясы бізден әлдеқайда дамыған, соңына түссе көзден ғайып болатын әлгі ғаламшарлықтарға бізден не қажет сонда? Мұның барлығы ойландыратын жайт. Көп нәрсенің түйінін Құраннан табушы едік, солай болар да бәлкім кім білсін. Бұл менің жеке ойым.
Тоқсан ауыз сөздің, тобықтай түйіні денімізге саулық, жан дүниемізге рухани байлық тілей отыра, санамызды улайтын ақпараттардан аулақ болайық!
Ақгүл Ашамаева


08.04.2018 12:35 жарияланды
0 рет көрілген

Бөлсіңіз:

Добавить комментарий

Для отправки комментария вам необходимо авторизоваться.


Pедакторы: Сұлтан Ұланұлы
Телефон: 8(778)6241825
Почта: 052893@mail.ru
Яндекс.Метрика