Боқауыз айту өнер түрі ме?

Өмірде қаншалықты боқтап сөйлейміз? Боқауызсыз сөйлеуге болады ма?Ондай сөздерді қолдану қаншалықты дұрыс? Қазақ тілі бай бола тұра мұндай сөздерді қолданудың тиімділігі қандай? Жалпы боқауыз сөз біздің минталитетімізге қаншалықты сай келеді?

Қазіргі заманда адамдар боқауыз сөздерін көптеп қолданатыны жасырын емес. Ондай сөздер көбіне эмоцияға берілуден, я болмаса адамдардың психологиялық ауытқуынан қолданылып жатады. Бұл сөздерді қолдану арқылы адамдардың басым көпшілігі көкейіндегі ойын дұрыс жеткіздім деп ойлайды. Сонда боқауыз сөздері үнемі қолданатын адамдардың сөздік қоры аз деген ұғымды білдіре ме?

Енді бір адамдар сол сөздерді қолдану арқылы әңгіменің бояуын қанығырақ болатынын баяндайды. Демек, бұл ұғымды құптайтын жандардың аз еместігі байқалады .Сонда боқауызсөз өнердің бір түрі деп есептеуіміз қаншалықты дұрыс? Егерде бұл ұғымды өнер деп қабылдасақ, ата-бабамыздың қалдырған өнегелі өсиеті қазіргі таңда халқымыздың санасынан сырғып бара жатыр деген сөзбен пара-пар. Себебі «Жақсы сөз — жағым ырыс», «Ойнап сөйлесең де, ойлап сөйле», «Сөз сүйектен өтеді» деген өнегелі нақылдарын қалдырған ата-бабамыз сөз құдіретін жете сезінген дана болған. Демек, бұл сөздер біздің минталитетімізге сай еместігін түсінеміз.

Мәселен ғалым Ақселеу Сейдімбек өз ойын былайша білдіреді: «Қазір кез келген қазақ жастары бір-бірімен сөйлескенде өздерінің сөз аралық байланысын орыстың боқтыұ сөзін қосу арқылы жеткізеді. Орыстың өте жағымсыз, бейпіл сөздерін жиі қолданады». Бірақ қазақ халқының өкінішіне орай Ақселеу Сейдімбеков орыстың жағымсыз сөзі деп баяндаған балағат сөздер қазіргі таңда қазақ тілінде де эффективті түрде қолданылуда. Арамызда бұл сөзді әдет емес, емделмейтін ауру деп те пікір айтатын адамдарда аз емес. Бұл ұғыммен қаншалықты келісуге болады? Десек те емделмейтін ауру түрінің жоқ екені баяғыдан мәлім. Демек мұндай ұстаным ешқандай тараптан да ақталмайтынын түсінеміз.

Жақсы сөз жанды жадыратады. Позитивті мағынада айтылған әр сөз жағымды әсер қалдырады. Жалпы алғанда, айтылған сөздердің позитивті және негативті әсерлері бар екені бағзы заманнан белгілі. Сол себепті боқауыз сөз қолданылатын басым көп жерлерде негативті көзқарас көптеп орын алатынын ескеруіміз керек.

Егерде біз мен баяндаған позицияны ұстансақ, боқауыз сөздердің жақсы жағынан қарағанда жаман жағы әлде қайда басым екенің көре аламыз. Сонда адамдар мұндай сөздердің жаман екенің біле тұра көптеп қолданғаны қаншалықты дұрыс?

                                                                                                                                                                                                                                                                                                    Төребай Өміртаев


06.04.2018 15:37 жарияланды
0 рет көрілген

Бөлсіңіз:

Добавить комментарий

Для отправки комментария вам необходимо авторизоваться.


Pедакторы: Сұлтан Ұланұлы
Телефон: 8(778)6241825
Почта: 052893@mail.ru
Яндекс.Метрика