Дональд Трамп күлкіге қалды

Әлеуметтік желі қолданушылары АҚШ Президенті Дональд Трамптың медициналық тексеріс нәтижесін көріп күлкіге қарық болды. Ақ үй бас дәрігері жасаған қорытындыға ел сенер емес.

Бас дәрігердің хабарлауынша, 71 жастағы саясаткердің бойы 75 дюйм (1,905 метр), салмағы – 239 фунт (108,5 килограмм). Әлемжелі пайдаланушыларының есебінше, Ақ үй иесінің бойы мұншалықты биік емес. Бұған дәлел ретінде АҚШ-тың бұрынғы басшысы Барак Обамамен түскен суретін келтіреді. Обаманың бойы 1,84 метр. Суреттен көріп отырғандай екеуінің бойы бірдей. Сондай-ақ пікір білдірушілер Трамптың салмағына да күмәнмен қарап отыр.


17.01.2018 20:58 жарияланды
0 рет көрілген

Бөлсіңіз:

Добавить комментарий

Для отправки комментария вам необходимо авторизоваться.


Pедакторы: Сұлтан Ұланұлы
Телефон: 8(778)6241825
Почта: 052893@mail.ru
Яндекс.Метрика