Екі Мұхтардың айқасы неден басталды. Қазақ қоғамына әсері қаңдай?

Қос Мұхтардың арасындағы сөз таласы осы ғасырдың басында көпшілікке мәлім болған еді. Ал даудың басы – Шыңғыс хан. Мағауин «ол менің бабам, қазақ» десе, Шаханов оның тек басқыншы, қанішер екенін дәлелдеуге тырысып, бұл айтыс көптеген қаламгерлердің, тарихшылардың қатысуымен бірнеше жылға созылған болатын.
Шаханов бір өлеңінде Бауыржан Момышұлына орысша сөйлегені үшін ескерту айтқанын, содан кейін өзінен батырдың кешірім сұрағанын баяндаған. Ал Мағауин бұл да мүмкін емес дегенге меңзейді. Сондай-ақ, ол Шахановтың ақын Қадыр Мырза-Әліні «Отанын сатқан опасыз» деп кінәлағанына да налиды.
Caraban.kz тілшісі осы тұрғыда не айтатынын білу үшін Шахановтың өзіне хабарласқан еді. Ол «Испанияда болған жайт та, жалындаған жас кезімде Бауыржан Момышұлының өзін кешірім сұрауға мәжбүр еткенім де жүз пайыз рас» деп отыр. Қадыр Мырза-Әліге қатысты пікірінің де өзгермейтінін айтты. «Қадырдың ақындығы, сөз жоқ, мықты. Талантты адамы еді. Бірақ нағыз елдік мәселеге, ұлт мәселесіне келгенде, тайқып шықаны жасырын емес» дейді Шаханов. Оның айтуынша, кезінде Қ.Мырза-Әлі 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасына қатысушыларға сатқындық жасаған көрінеді. «Сол кезде желтоқсандықтар сазайын тарттырамыз деп аушуға мінгенде, мен араша болдым» дейді Мұхаң. Сондай-ақ, ол Мағауиннің аталған мақаласына қарсы мақала дайындалып жатқанын жеткізді. Материал «Қазақ әдебиетінің» осы аптадағы санына шығуы мүмкін. Ал Мұхтар Махауиннің өзі туралы «Ол мені өмір бойы түртпектеумен келе жатқан адам ғой» деумен шектелді.
Бұл даудың да қазақ қоғамына кері әсері бар. Біз әрине кімдікі дұрыс, кімдікі бұрыс екенінен бей мәлімбіз, әркімнің өз шындығы бар емес пе?.Алайда екі ағамыздың ішінара бұлай бір- біріне ала ауыз болғаны қынжылтады.Бастысы бір -біріне деген сыйын жоғалтпаса екен. Қазақта «Төртеу түгел болса, төбедегі келеді.Алтау ала болса, ауыздағы кетеді.» деген мақал бар емес пе? Қазақ халқы тыныштықта сыйластықта бейбітшілікте өмір сүрген халық. Сол себепті өз тыныштығымызды өзіміз бұзбайық ағайын!

Арайлым Әлімбаева


08.04.2018 12:55 жарияланды
0 рет көрілген

Бөлсіңіз:

Добавить комментарий

Для отправки комментария вам необходимо авторизоваться.


Pедакторы: Сұлтан Ұланұлы
Телефон: 8(778)6241825
Почта: 052893@mail.ru
Яндекс.Метрика