Ерлан Қошанов Қарағанды қаласының әкіміне таңертеңгі уақытта қаланы аралап шығуға нұсқау берді

Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошанов қала тазалығына қатысты мәселені сын тезіне алды.

Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошанов облыс орталығы басшысына қоқыстар мен лас көшелер үшін сын айтты. Ол Қарағанды әкіміне таңертеңгі уақытта қала көшелерін бір аралап шығуға кеңес берді.

«Қаланы қоқыстан жақсырақ тазарту қажет. Кеше таңертеңмен Қарағандыны аралап шықтым. Түсінікті, әрине, қар енді ғана еріді, бірақ біз қоқысқа көміліп жатырмыз. Бір аптадан соң мен үнемі қаланы аралауға шығатын боламын. Нұрлан Ерікбайұлы, сіз қаланың басшысы ретінде ертерек ояныңыз», — деді Ерлан Қошанов Қарағандының әкіміне аппараттық жиналыс барысында.

Облыс әкімі Сәтпаев көшесіне назар аударды, онда жөндеу жұмыстарынан соң көптеген шұңқырлар көрініп, асфальт жабындысы бұзылып жатыр.

«Мен емес, сіз қаланы үнемі аралап отыруыңыз керек. Мен таңертең Сәтпаев көшесінің бойымен жүріп өттім, бір сау жер жоқ. Ал жөндеу жұмыстары 2016-шы жылы ғана жасалған. Сіз ол көшені көрдіңіз бе? Екі жыл да өтіп үлгерген жоқ қой», — деп наразылығын білдірді Ерлан Қошанов.

Қарағанды қаласының әкімі Нұрлан Әубәкіров мердігерлердің сөзіне сүйеніп, барлық мәселе судан екенін айтты. Мұндай жауап облыс әкімінің көңілінен шықпады. Ол заңдық тұрғыда бас мердігерден жолдың сапасына жауап беруін талап ету керектігін айтты.


11.04.2018 11:09 жарияланды
0 рет көрілген

Бөлсіңіз:

Добавить комментарий

Для отправки комментария вам необходимо авторизоваться.


Pедакторы: Сұлтан Ұланұлы
Телефон: 8(778)6241825
Почта: 052893@mail.ru
Яндекс.Метрика