Қашқындардың әлегі

немесе «қорқақ» атанған батыр

Қазақстан аумағында тиым салынып, экстремистік бағытта деп танылған ҚДТ (ДВК) қозғалысының белсендісі Бекбол Кадырбаевтің әлегі басылмай тұр. Ол елді арандатуды көздеген құйтырқы әрекеті арқылы қанқұйлы Кеңес дәуірін аңсайтынын көрсетіп берді. Сонымен.


Белсендінің айтуынша, Қазақстан Республикасы азаттық алған соң өзінде бар әлеуетінен айырылып қалған-мыс. Рас, Тәуелсіздік алған соң еліміз күшпен таңылған социализмнен бас тартып, нарықтық экономикаға бет бұрды. Шаруашылықты ескі жүйемен ұстап тұру мүмкін емес. Жаңару керек, жаңа бағытқа көшу қажет. Көзі ашық адам мұны жақсы түсінсе керек. Өтпелі кезеңде біраз дүниені уысымыздан шығарып алдық. Бұл экономикалық заңдылық. Әйтсе де, есімізді тез жиып, қиындықты бірінші болып еңсерген елдердің қатарында екеніміз өтірік емес. Әлем тарихын парақтап, ғасырлар бойы отар ел, шикізат көзі болған мемлекеттің осынша аз уақытта биік дәрежеге жеткенін айтып бере аласыз ба? Жауап беру қиын, ә?!

Бекбол Қыдырбаевтің сөзінің сыңайы, «тәуелсіздікті бекер алдық» дегенге келеді. Оны Жанна Бота мен Мұхтар Әбілязов қолдап, қазақ ұлты үшін аянбай еңбек етіп жүрген ерлерге аяусыз күйе жағуда. Әсіресе, ұлт батыры, тұңғыш ғарышкер Тоқтар Әубакіровке тіл тигізіп, батыр ағамызды «қорқақ, сатқын» атандырды. Сонда, ұлт үшін жанын беруге әзір жандар қорқақ екен де, қара халықтың тірнектеп жиғанын алып, шетел асып кеткендер батыр екен ғой?
Осы тұста заңды бір сауал туындайды. Олар неге мұндай қадамға барып отыр? Жауап біреу. Өздерінің қылмысын бүркемелеу, елдің назарын басқа аудару. Халық азаматарының беделіне күйе жаға отырып, өздерін ақтап алу ғана. Басқа түк емес.


08.09.2018 10:32 жарияланды
0 рет көрілген

Бөлсіңіз:

Добавить комментарий

Для отправки комментария вам необходимо авторизоваться.

ҰҚСАС


Pедакторы: Сұлтан Ұланұлы
Телефон: 8(778)6241825
Почта: 052893@mail.ru
Яндекс.Метрика