«Қазақтың Мессиі» алғашқы жаттығуын Кипрде өткізді (Видео)

«Тараз» футбол клубының түлегі 17 жастағы Еркебұлан Сейдахмет ресейлік «Уфа» клубы сапындағы алғашқы жаттығуына кірісті. Қазір команда Кипрде оқу-жаттығуларын өткізіп жатыр.

«Уфа» клубының YouTube-арнасында жарияланған бейнекүнделікте қазақтың Мессиі атанған Еркебұланды жылы қарсы алған сәті бейнеленген.

Кипрдегі оқу-жаттығу 12 күнге созылмақ. Клуб екі командамен күш сынасады: 22 қаңтарда – кипрлік «Алки», 25-і – Польша командасы «Висла».

Еркебұлан Сейдахметтің «Уфаға» ауысуы жайында алғашқы ақпарат 5 қаңтарда белгілі болған еді. Болашағынан көп үміт күттіретін Еркебұланның бұл қадамы оңынан болсын деп тілейміз!


18.01.2018 23:01 жарияланды
0 рет көрілген

Бөлсіңіз:

Добавить комментарий

Для отправки комментария вам необходимо авторизоваться.


Pедакторы: Сұлтан Ұланұлы
Телефон: 8(778)6241825
Почта: 052893@mail.ru
Яндекс.Метрика