Ким Чен Ын АҚШ-ты қалай жойып жібере алатынын мәлімдеді

Америкалық сарапшылар Солтүстік Кореяның ярдолық қаруы қанша болуы мүмкін екенін болжап отыр. Бұл туралы Bulletin of Atomic Scientists журналы хабарлады.

Айтуларынша, Пхеньян 20 ядролық қаруға ие болуы мүмкін. Сондай-ақ, Солтүстік Корея тағы 60-ын даярлайтындай әлеуеті бар.

Пхеньян 16 қаңтар күні алмауыт күшке ие ядролық қарулары барын және АҚШ-қа Солтүстік Кореяны бопсаламай бермеуіне кеңес берген еді.

Айта кетейік, 1 қаңтар күні Солтүстік Корея басшысы Ким Чен Ын ұлттық ядролық күшті жасау үдерісі толығымен аяқталғанын мәлімдеп, артынан «Ядролық тетік менің жұмыс үстелімнің астында тұр» деп сес көрсеткен. АҚШ-ты толығымен жойып жіберу бір тетікті басып қалумен ғана шешілетін емеурін білдірген еді.


18.01.2018 09:06 жарияланды
0 рет көрілген

Бөлсіңіз:

Добавить комментарий

Для отправки комментария вам необходимо авторизоваться.


Pедакторы: Сұлтан Ұланұлы
Телефон: 8(778)6241825
Почта: 052893@mail.ru
Яндекс.Метрика