«Масқара, көбісі қара көз қазақтар». Астаналықтар славяндардың мерекесіне белсене қатысты

Жүзден астам Астана қаласының тұрғындары славяндардың мұздай суға шомылып, шоқынатын мерекесіне қатысты. Ғаламтор қолданушылары қазақтардың бұл әрекетін арсыздыққа балап, ұят дүние жасағанын айтып ашулануда.

«Көбісі қара көз қазақтар! Ұят!» дейді әлеуметтік желі қолданушысы Асқар. Атаулы «мереке» келген қазақ арулары «Мен оны істедім» деп мәз-мейрам болуда. «Әлеуметтік желі арқылы тікелей эфирге шыққан азаматтар: «Керемет, славян-бауырлар!» дегенде өзімізді қоярға жер таппай қалдық. Біз сонда славян болғанымыз ба?» – Деп күйінеді тағы бір ғаламтор қолданушысы.

«Діни наным-сенімнің еш қатысы жоқ. Кез келген адамға қатысуға болады» деп адастыруда тағы бір белсенді.

«Қазағы көп тұратын астаналықтардың мұндай масқаралықты күтпедік» деп таң болуда Әсем есімді желі қолданушысы.


19.01.2018 15:23 жарияланды
0 рет көрілген

Бөлсіңіз:

Добавить комментарий

Для отправки комментария вам необходимо авторизоваться.


Pедакторы: Сұлтан Ұланұлы
Телефон: 8(778)6241825
Почта: 052893@mail.ru
Яндекс.Метрика