«Ninety one» тобына деген ел пікірі пайымдалды ма?

Махаббат, дін, саясат осы үш тақырып төңірегіндегі əңгіме ешқашан таусылмайды екен. Сол секілді төртінші етіп «91» тобына қатысты əңгімелер бітпейтін секілді… «Ninety One» тобының өнерін қолдайтын мәдениет және қоғам қайраткерлерінің саны күннен күнге артуда. Олардың қатарында Қазақстанның еңбек сіңірген халық әртістері – Роза Рымбаева, Алтынбек Қоразбаев, RinGo, Renzo және Ayumi топтарының продюсері – Алуа Қонарова, KeшYou, Алау топтарның продюсері – Баян Мақсатқызы бар. Жақында белгілі режиссер, комедия актері, шоумен және сценарист Нұртас Адамбай да топты қолдайтынғын айтты.
Алтынбек Қоразбаев: “Сырға таққанда тұрған не бар? Кезінде біздің батырларымыз да сырға таққан. Мінеки, менің оң күлағым тесілген. Бала күнімде туған әпкем мені ұзақ жасасын деген ниетпен құлағымды тесіп, сырға таққан екен. Сол сырғаны 4 сыныпқа дейін тағып жүрдім. “Сен мынаны құрт, мынаны жоқ қылып” деп бұйыра сөйлеғен жарамайды. Біз Еуропадан қалмауымыз керек. Айтсын. Өмір өзен болғандықтан, оның ағысынан қалып қоймау керек”
Баян Мақсатқызы: «Бәсекелестерді сыйлау керек, әсіресе олар соған лайықты болса!!! Бәсекелесіңді сыйла, оның жетістіктерін мойында, және әрі қарай өркендей түс!!! Олар сондай жас, сымбатты және дарынды!!! Олар өзгеше, сонысымен тартымды!».
Сакен Майғазиев: «Бірнеше жыл бұрын қазақ тілінің жырын жырлап, мұңын мұндап жүргенде қай бағытта айтса да, қазақ тілінде шырқаса екен деп ойлайтынмын. Бірақ, кейін олар шектен шығып кетті. Өте талантты, қазақы мінезді балалар. Сөйлескені де қазақша, акцентсіз. Мақал-мәтелдері де керемет. Оны жігіттердің өздеріне де кездесіп, ағалық ақылымды айтқанмын. Жігіттер, біздің ұлтымызға, елімізге үлкен қауіп төніп тұр. Сендер жастарды өз-өзіне қол жұмсауға, әлсіздікке, ата-ананы тыңдамауға шақырмаңдар. Болмайтын жерде «өзім білемдікке» итермелемеңдер деп. Әрине, сәнді киінгенді кім жек көреді. Бірақ, енді шектен шығып кетпеңцер. Жігіттің сырға таққаны, шашын қызылды- жасылға бояғаны ұнамайды. Бұл жамандыққа бір қадам. Сол үшін ғана жігіттерді қолдамаймын. Әйтпесе жігіттердің өте талантты екендігін тағы да айтқым келеді. Бірақ, өздерінің табиғаты, болмысы, жасап жатқан қазаққа жат дүниелері қынжылтады
Бағлан Әбдірайымов: «Ерболат жэне 91 тобы! “Есің барда еліңді тап” — деген мақалды еске түсірейін. Өнерлеріңе қарсы емеспін. Түрлеріңді өзгертіңдер! Қазақта намысы жоғары жігіттер баршылық. Бояйтын шаш, тағатын құлақ таппай қалып жүрмеңдер! Достық кеңесім!”
Асыл Беделхан: “Қазіргі қоғамда топ үшін болып жатқан картина сіздердің өзгеге тиесілі жетістікті көре алмаған сәттеріңізді бейнелейді. Сіздер бар болғаны мұзтаудың шыңын ғана көресіздер, сыртқы болмысына ғана мән бересіздер. Бірақ мұның артында не тұрғанын байқамайсыздар да. Адам мақсатына жетуі үшін аянбай тер төгуі мүмкін. Тереңірек үңілген кезде, қызғаныш сезімі орынсыз болып көрінеді. Ninety Опе тобы туралы жағымсыз пікір білдіретін адамдар. Олардың мақсатына жету үшін қандай қиындықтарды өткергендерін білсеңіздер ғой. Төзім, еңбек пен табандылық…”
Дана Нұржігіт: «Ерболат Беделханға айтарым: Он жылдан астам таңдаған жолынан жаңылады, табанды еңбек етіп, бір күн көл, бір күн шөл болатын нәсібін бүкіл тобына жұмсап жүрген Ерболатқа орнымнан тұрып қол соғам. Оған да кезінде қанша адам лап беріп, «мына істеп жүргенің қате» деген еді, ол өзінің мақсатынан бас тартқан жоқ. Біржақты қыңырлық, стереотиптік сана- дамудың жолы емес. Әсіресе өнерде. Зайытовтың «91» тобының сырт келбетін сынап, тіл тигізіп, «жиіркенемін» деген ауыр сөзін сабырлықпен тыңдап, жұдырық ала жүгірмей (оны істесе де түсінер едім) миығынан ғана күліп қойып эмоцияға, ашуға жол бермей жауап беріп отырған Ерболат мен үшін оппонентінен әлдеқайда жоғары, мәдениетті».
Қазақ қоғамы не үшін жаңа үлгідегі өнерпаздарға қарсылық танытып жатыр? Әріден ойласақ, қоғам ол топқа, ондай әншілерге қарсы емес. Жекелеген адамдар, мүдделі топтар, сондай пікір қалыптастыруда.Ел үшін бір көкжал туса, оған шабатын төрт ит қоса туады. Мына жерде де сол. Өнерімен оза алмаған, таланты асып түспегендер бәсекелестікті бақталастыққа айналдырады. Не өзі ештеңе бітірмейді, не қолынан іс келетіндерді көре алмайды. Оны осы «Ninety One» туралы дау-дамай дәлелдеді.

Зарина Бақытбек


08.04.2018 12:48 жарияланды
0 рет көрілген

Бөлсіңіз:

Добавить комментарий

Для отправки комментария вам необходимо авторизоваться.


Pедакторы: Сұлтан Ұланұлы
Телефон: 8(778)6241825
Почта: 052893@mail.ru
Яндекс.Метрика