Оспан батырдың соңғы сөзі!..

— Әкем ол кездері Үрімші қаласында бір колледждің студенті еді,-деп бастады Оспан батыр туралы естелікті әкесінің айтуымен жеткізген Ерлан есімді сайт оқырманы.

 — Әкем Декелбаев Әбдірашит Есенғұлұлы 1935 жылы туған. Оспан батырдың алаңда көпшіліктің көзінше 1950 жылы атылғанын ескерсек жасы 15-те екен сол кезде.

 Бір кезде аудиториядан «Бандитті әкеле жатыр» деген темірді темірге соққандай қытайлықтың ащы даусы естілді. Бәріміз жоғарғы қабаттарда орналасқан аудиториядан терезе жаққа қарай жүгірдік. Бастарымызды  терезеден созып «неғылған бандит?»,- деп қызығушылықпен бір-бірімізге қарап қоямыз.

 Алыс жақтан көше бойымен кішігірім тақтайшаны  мойнына іліп қойған, сақал-мұрты қауғадай болып өсіп кеткен бір кісі көрінді. Соңында тола жендеттер келеді.  Содан сонау жерге дейін апарған соң, атар алдында естілмесе де оның бірдеңе деп сөйлегендерін көрдім.  Одан кейін бірнеше қытай солдаттары мылтықтарымен бұйрық бойынша атты. Оның Оспан батыр екенін кейін білдім.          

Сол кездегі елдердің айтуынша, Оспанды атар алдында «Мен өмір бойы оққа қарсы шапқан адаммын. Мені бірде бір оқ алған емес. Сондықтан менің артымнан емес, алдымнан жауынгер ретінде атуларыңызды сұраймын» — деген екен.

Соңғы сөзі:

 «Әшхаду әнлә илляһа иллалаһ! Уашһаду әнннә Мухаммадур расуллалаһ!» — деген сөзі болды деп айтқан еді менің марқұм әкем.

 Сол жерде Оспан батыр халықтың алдында басқа да ақырғы сөздерін айтқан, бірақ есімде қалмады деді менің әкем. 30-шы жылдары арғы аталарым, Алакөл жақтан болшевиктердің зорлық-зомбылығына шыдамай Қытайға өткен болатын.        

1975-78 жылдары, үйімізге қонақтар келген кезде дастархан басында үлкен кісілердің Оспан батыр туралы көп айтатын. Ол кездері батыр дегеннің орнына «бандит» деп айтатын. Кейін әкем «Сол кездер КГБ-дан қорыққанымыздан батыр дегеннің орнына әдейі «бандит» деген сөзді қолданатынбыз» — дейтін. Шын мәнәнде астарлы сөзбен оны батырға теңейтінбіз» — дейтұғын.

      Бұл әңгімені әкем 91-ші жылы тәуелсіздігімізді жариялаған сон 2-3 жылдан кейін айтқан болатын.

 

 Ерлан Дакелбаев 

Kazakh-tv.kz 


19.11.2017 22:34 жарияланды
0 рет көрілген

Бөлсіңіз:

Добавить комментарий

Для отправки комментария вам необходимо авторизоваться.

ҰҚСАС


Pедакторы: Сұлтан Ұланұлы
Телефон: 8(778)6241825
Почта: 052893@mail.ru
Яндекс.Метрика