Сенің жетістікке жете алмауыңа кім кінәлі?

Мақаланың мақсаты: Қоғамдағы көкейкесті мәселені табу және жазу болды.

Ашынасың. Біз көп айтатын, әсіресе, әдебиет сүйер қауым сүйсініп тыңдап, тамсана әңгімелейтін кешегі қайсар Қазақтың ұлағатты ұрпағы неге сонша жасықталып, жылауық боп бара жатқанына ашынасың. Қоғамнан еститінің біреу-ақ, ол билік тойымсыз да жалқау, халық аш та сорлы. Таксиге мінсең де, дүкенде кезекте тұрсаң да әңгіме осы. Неге? Мектептің он бір сыныбын сүйретіліп жүріп зорға тауысып, одан әрі оқуға білімі жетпей  аула сыпырушы, еден жуушы, есік торушы не таксист болып қызмет етіп жүргеніңізге басқа біреу кінәлі ме? Бәлкім қос-қостан дипломы барлар да қаңғып жүр дерсіз. Келісемін. Қоғамда ондай азаматтар да аз емес. Бірақ мұның бәріне кім кінәлі? Қолыңызда жоғары білім алғаныңызды айғақтайтын қос дипломыңыз бар, бірақ өмірден өз орныңызды таппасаңыз, оған  билік неге кінәлі? Заман оқыған, көзі ашық адамдікі. Ия, бәрі қымбат. Бірақ, экономист, банкир, депутаттың жалақысы жақсы ғой. Сізге солардың бірі болуға болмас па еді? 

Қысқасы, қолдағы пультті тастап, еңбек ете білу керек. Өз кінәңізді, жастықпен жасалған кейбір қателерді, басыңызды ауырқыңыз келмейтін жалқау екеніңізді мойындай білу керек. Кезекте тұрып алып маңайының барлығын күндейтіндерге Каспи Банк ұсынған интернет магазиндерді пайдалануды меңгеру керек. Сене білу керек. Адами құндылық, қасиеттерді құрметтей білу керек. Өзіңді сыйлау керек, Себебі, өзгені сыйлау, өзгені сүю осы өзіңді сыйлау, сүюден басталмақ-ты. Қоғамдық көлікке мініп алып, жолаушымен де, жүргізушімен де тырысып отыратындарға еңбек етіп жеке көлік алу керек. Сізге біреу қой деді ме? Алпыс мың алатын еден жуушы болып жұмыс жасап жүргеніңізге қоғамның қалған бөліктерінің кінәсі қанша? Бұл тікелей сіздің кінә. Сондықтан соны солай қабылдаңыз да кіре берісті сүртіп алыңыз.

Мемлекеттің гүлденуі үшін, сол мемлекетті мекен еткен қоғамның санасы, қабылдауы, мәдени дәрежесі, рухани сауаттылығы, этика-эстетикалық ұстанымдары болуы керек. Сөз өткен заманның ермегі. Қазір нәтиже маңызды. Егер әр адам патриот болса, егер әр адам мемлекетін мақтан тұтар тұлға болса, сол үшін еңбек етсе, өзгені сыйлауды үйренсе, сауатты болса болғаны-да. Сондықтан өзіміз құлап жатып, сүрінгенге күлуді доғарып, әркім өз ісіне ұқыптылықпен, қоғамда керек екендігіне сенімділікпен қарауы абзал. Міне сондықтан да, кіре берісті тағы бір сүрте салыңыз.


12.11.2017 09:20 жарияланды
0 рет көрілген

Бөлсіңіз:

Добавить комментарий

Для отправки комментария вам необходимо авторизоваться.


Pедакторы: Сұлтан Ұланұлы
Телефон: 8(778)6241825
Почта: 052893@mail.ru
Яндекс.Метрика