Спорт жаңалығы

1) Агуэро Әлем чемпионатына дайын болады

«Манчестер Сити» шабуылшысы Серхио Агуэро Ресейде өтетін Әлем чемпионатына дайын болады. Бұл туралы ағылшындық клубтың бапкері  Хосеп Гвардиола айтты.
«Агуэро Әлем чемпионатына дайын болады. Мен дәрігерлермен сөйлестім. Олар шабуылшының қалпына келуі жақсы жүріп жатқандығын айтты», — деді Гвардиола.

2) Диего Коста Еуропа лигасының осы аптадағы үздігі

«Атлетико» шабуылшысы Диего Коста Еуропа лигасының осы аптадағы үздік ойыншысы атанды.
Жанкүйерлер үздікті таңдау барысында Костаға 83% дауыс берген.
Естеріңізге салсақ, Коста «Арсеналмен» болған ойында жалғыз голдың авторы атанып, командасын финалға лаып шыққан

3) Айбек Нұрсейіт ресми салмақ өлшеу рәсімінен өтті

Қазақстандық аралас жекпе-жек майталман Айбек Нұрсейіт кезекті жекпе-жегі алдында ресми салмақ өлшеу рәсімінен өтті, – деп хабарлайды Qsport.kz порталы.
Әзірбайжан астанасы Баку қаласында кезекті жекпе-жегін өткізетін Айбек жекпе-жек алдында ресми салмақ өлшеу рәсіміне түсіп, қарсыласымен көз арбасты. GEFC (Grand European Fighting Championship) тұжырымы бойынша сынға түсетін отандасымыз Хусейн Алиевке қарсы жұдырықтасады. Қос спортшы да 70 келі салмақта көрсетті.
Айта кетейік, Айбек аралас жекпе-жектен кәсіпқойлар арасындағы алғашқы кездесуін 2016 жылы бастаған болатын. Отандасымыз Франция елінің тәжірибелі спортшысы Майкл Дубойсты техникалық нокаутпен ұтқан болатын.  Ал Алиев сешізбұрышта 14 жекпе-жек өткізіп, тек 3 мәрте ғана жеңіліске ұшыраған.

4) Ардақ Назаровтың шәкірті кезекті жекпе-жегінің алдында салмақ өлшеу рәсімінен өтті

Аралас жекпе-жектен әлем чемпионы Ардақ Назаровтың шәкірті Сырым Бектұрсын GEFC (Grand European Fighting Championship) турнирде өткізетін жекпе-жек алдында салмақ өлшеу рәсімінен өтті, – деп хабарлайды Qsport.kz порталы.
Жастар арасында панкратионнан əлем чемпионы Сырым Бектұрсын 5 мамыр күні Әзірбайжан астанасы Баку қаласында өтетін GEFC (Grand European Fighting Championship) турнирінің алдында ресми салмақ өлшеу рәсімінен өтті. Отандасымыз тәжірибелі Вугар Мамадзадеге (12-2) қарсы сайысқа түседі. Қос спортшы да 66 келі салмақты көрсетті.
Айта кетейік, Сырым Бектұрсын сегізбұрышта 3 жекпе-жек өткізіп, барлығында жеңіске жеткен. Сондай-ақ бұл турнирде Абылай Батырбек сегізбұрыштағы дебюттік жекпе-жегін жергілікті спортшы Эмин Хузейновқа қарсы өткізеді.


05.05.2018 10:47 жарияланды
0 рет көрілген

Бөлсіңіз:

Добавить комментарий

Для отправки комментария вам необходимо авторизоваться.


Pедакторы: Сұлтан Ұланұлы
Телефон: 8(778)6241825
Почта: 052893@mail.ru
Яндекс.Метрика