ТАС ЖАУАР МА ЕКЕН ОСЫ…

Айша Сәлімгерееваның «Айбек» деген қысқаметражды фильмі БҰҰ ұйымдастырған кинобайқаудан бірінші орын алыпты. Бұл қандай фильм дейсіз ғой? Қазақстандағы гейлердің (бұлай жазудың өзі қандай жиіркенішті еді) өмірін «өрнектеген» фильм. Сонда қалай, әлемге аты мәшһүр ұйымның гейлерді жақтағаны ма?

Гейлер – кинода
Қазақ жеріне жамандықтың өк­шелей енгені әлдебіреулерге тиімді. ЛГБТ сияқты кәззап мекемелерге БҰҰ-дай беделді ұйымдардың жел бе­ріп тұрғаны бекер емес. Біріккен Ұл­т­тар Ұйымы 2008 жылы Сек­суаль­ды ориентация мен гендерлік сәй­кестік туралы декларация қа­был­дады. Оны БҰҰ-ға мүше 193 ел­дің 66-сы қолдап, қол қойды. Қар­сы болған 66 елдің қатарында Қы­тай, Ресей және өзіміздің Қа­зақ­стан бар. Осы декларацияның қа­был­дануы әлемдегі гейлер және бас­қа да жыныстық ауытқуы бар­лардың «құқын» қорғауды қолға ал­ды. Демократия мен адам құқын желеу еткен БҰҰ құжаты осы­лай­ша, азғындықтың жола­ша­ры­на ай­налды. «Айбек» се­кіл­ді аз­ғын фи­льмнің БҰҰ бай­қауынан жүл­де алып жатқаны – со­ның дә­лелі.
Былтыр Асел Аушакимованың «Я устал» деген фильмі шықты. Мұн­да отбасын құрған, достары көп, тұрақты қызметі де бар, тіпті на­мазға жығылған Адиль есімді кейіп­кер соңында азғындық жолы­на түсіп, гей болып кетеді. Фильм­нің мақсаты – Адилді ақтау. Бұл фи­льм жуырда Көктөбеде өткен II Республикалық қысқаметражды фильмдер фестиваліне қатысты. Абырой болғанда, жүлде алған жоқ. Осылайша, бізде гейлерді ки­нода көр­сетіп, көз үйретудің бар­лық ама­лы жасалуда.
Бізде ғана емес, соңғы кезде тү­сіріліп жатқан шетелдік фильмдер мен мультфильмдерде гейлерді жылт еткізу сәнге айналды. Оларды отан­дық кинотеатрлар еш қымсын­бастан көрерменге жеткізіп жатыр.
Мысалы, 2012 жылы түсірілген «Облачный атлас» фильмін алайық. Мұн­да еркек пен еркектің «махаб­батын» ашық көрсетеді. Осы фильм Қытай көрермендеріне ұсыныл­ғанда гейлерге қатысты көріністерді «цензураға қайшы» деп түгелдей қырқып тастаған. 172 минуттық фи­льмнің 30 минутын күзеген. Ал біз неге сөйтпейміз?
Диснейліктер түсірген «Краса­вица и чудовище» фильмі біздегі прокаттан алынып тасталды. Анайы көріністері болғанына қарамастан, ин­дексі 6+ деп көрсетілген бұл фильм­ге алдымен, Ресейде тыйым са­лынды. Артынша Қазақстанда тоқтатылды. Себеп – гейлерді наси­хаттаған көріністердің болуы. Міне, нақты қадам. Гомосексуализмді насихаттайтын фильмдердің кино­театрлардан көрсетілмегені дұрыс. Мәселен, жақында ғана Индонезия ЛГБТ кейіпкерлері бар фильмдер мен бағдарламаларды көрсетуге заңмен тыйым салды. Бізге де неге сөйтпеске? Мәдениет туралы заң жо­басында осы мәселе қамтылуы тиіс. Сонда кинотеатрларда кім кө­рінгеннің арсыз киносын көрсетуге тоқ­там болар еді.

Көгермегір kok.team
Ақпарат нарығында өз орнын шегелеген, қазақ тілінде ақпарат тара­татын kok.team деген көргенсіз сайт бар. Биылғы 1 нау­рызда ашыл­ды. Біздегі ЛГБТ қауым­­­дас­тығы сол сайтта гомо­сек­сау­лизмді ашық түрде наси­хат­тай­ды.
Бұрындары саентолог, криш­наид секілді секталар Абайдың қарасөздерін өздеріне қарай икем­деп пай­даланушы еді. Олардың қа­та­рына енді гейлер қосылыпты. Кok.team Абайдың он тоғызыншы қарасөзіндегі «Адам ата-анадан ту­ған­да есті болмайды: естіп, көріп, ұс­тап, татып ескерсе, дүниедегі жақ­сы, жаманды таниды дағы, сон­дайдан білгені, көргені көп болған адам білімді болады. Естілердің айт­­қан сөздерін ескеріп жүрген кісі өзі де есті болады» деген жерін жұ­лып алып, өз ұранына ай­нал­­дырған. Сондағы айтпағы не? Абай гей болған демекші ме? Ақыры алған екен, бұлар осы он то­­ғызыншы қарасөздегі «…жаман де­геннен сақтанса, сонда іске жа­рай­ды, сонда адам десе болады» деп келетін сөйлемнің жалғасын да қосуы керек еді.
Сaravan.kz сайтына берген сұх­батында kok.team өкілдері мұны «Біз Абай секілді прогрессивті ой­шыл қысымға ұшы­рап жатқан отан­дастарын бекерден-бекер қол­дай­тын еді деп ойлаймыз. Ол біз үшін ав­­торитет. Сол себепті, біз оның сөз­­дерін сайтымызға жалау еттік» деп түсіндіріпті. Ал керек болса!
Қазақстандағы гейлер осы сайт­та өздеріне қорған болуын қиыла сұрап, Өзбекстан президенті Шав­кат Мирзеевқа үндеу де жолдады. «Постсоветтік аумақта гомо­сек­суал­дылықты қылмыс деп танитын тек Өзбекстан мен Түркіменстан мем­лекеттері ғана қалды. Біз сізді үлкен гуманистік әрекет жасап, Өзбекстандағы ЛГБТ қауымдасты­ғы­на еркін өмір сүруге мүмкіндік беруге шақырамыз. Аталған заңды алып тастау арқылы сіз жүз мың­даған гей, лесбиян, бисексуал және трансгендер азаматтарға еркін өмір сүруге мүмкіндік бересіз» делінген үн­деуде. Бұдан бөлек, бұлар Қа­зақ­станның Бас прокуроры Жақып Аса­новқа да үндеу жолдап, Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы, Қыл­мыстық Кодекстегі гейлерге қа­тыс­ты тыйымдарды қайта қарау­ды сұрады.
Ал «Қазақ гей манифесті» деген ма­қаласында: «Гей азамат, сенің Қа­зақстан мемлекетінде өмір сүріп, осы қоғамның толыққанды бір мү­шесі болуды талап етуге толық құ­қы­ғың бар! Бұл мемлекеттің мәде­ние­ті, тарихы, қоғамдық құндылық­тары – барлығы саған да тиесілі. Сол тарихқа арқа сүйеп, өз тари­хың­ды жазуға саған жол ашық, осы қо­ғамның мүшесі бола тұра жаңа қо­ғам құруға қадам жасауға хақың бар» дей келіп, «Қазақтың гей ұлы мен қызы, заман үндеуіне құлақ түр! Ер­кіндік пен теңдіктің күні алыс емес. Ең бастысы, өз болмысыңа шек келтірме. Тұлғалық біртұ­тас­ты­ғыңды сақта. Гей қазақ болудан без­бе және қазақ қоғамындағы өз ор­ныңды талап ет. Жаңа заман өзі­мен бірге жақсы күнді де, жаман күн­ді де ала келеді. Қиындықта мойы­­ма, бекем бол!» деп гейлерді одан әрі жігерлендіре түседі. Тіпті біз­дегі гей­лерді азғындықтың ұя­сы­на ай­налған айдаладағы Тайваннан үлгі алуға шақырған. Олардың бір­жы­ныс­ты некені заңдастырға­нын үкі­леп, үлгі қылып көрсеткені тағы бар. Олар өздерін «киелі күрес» қаһар­­мандары деп есептейді екен. Ұран­дары қандай: тең құқық пен бос­тандық! Бұларға керегі қандай бос­­тандық сонда? Неғылған жетіс­пей жатқан тең құқық? Азғындық атау­лының қай-қайсысы да ұшпақ­қа шығармайды. Сондықтан гей­лердің тайраңдауына тоқтам болуы керек. Құзырлы органдар бұлардың қыз­метіне бақылау жүргізгені дұ­рыс. Себебі, тентекті дер кезінде тез­­ге салмаса, қоғам бұзылады.

Кім қолдайды?
Біздің елде 1998 жылы гомосек­суа­лизммен ерікті түрде шұғылдану қылмыс қатарынан шығарылды. Алайда бұл – біржыныстылардың ой­ларына келгенін істеуге болады де­ген сөз емес. Бізде гейлердің не­ке­сіне рұқсат жоқ. Олардың бала асы­рап алуына тыйым салынған. 2014 жылдың 3 шiлдесінде қабыл­дан­ған Қазақстан Республика­сы­ның Қылмыстық Кодексінің 122-бабы 1-тармағында «Он алты жас­қа толмаған адаммен жыныстық қа­тынас, еркек пен еркектің жы­ныс­тық қатынасын, әйел мен әйел­дің жыныстық қатынасын немесе сексуалдық сипаттағы өзге де әре­кет­тер жасау – бес жылға дейінгі мер­зімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады» делінген. Сон­дай-ақ 2011 жылдың 26 жел­тоқ­санында қабылданған Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы Кодексінің 2-бабы 3-тармағында «Еркек пен әйелдің, сондай-ақ бір жы­ныстағы адамдардың шын мә­нінде, бірге тұруы неке (ерлі-зайып­тылық) деп танылмайды» деп анық жа­­зылған. Бұдан бөлек, осы Ко­декс­тің 91-бабы 2-тармағында «дәс­түрлi емес жыныстық бағдар ұста­на­тын адамдардың» бала асырап алуына жол берілмейтіндігі көр­сетілген. Және де біржыныс­ты­лар­дың құзырлы органдарда қызмет іс­теуіне рұқсат жоқ.
Гомосексуализмге заңмен тыйым салғанына қарамастан, Қа­зақстанда гей насихатын үздіксіз жүр­гізіп келе жатқан, ЛГБТ-ны ашық қолдайтын орталықтар бар. Олар – лесбиандар мен феминизм­нің «шырақшысы» «Феминита» ұйы­мы, трансгендерлер мен квир­дің қорғаны Alma-TQ ұйымдары, Community, «Адали» қорлары.
Мәселен, Community қоғамдық қо­рын алайық. Былтыр осы қордың ықпалымен Алматыдағы ескі трам­вай депосында Community атты спек­такль қойылды. Қойылымның өзегі – гейлер, гомофобия та­қы­ры­бы. Белгілі болғандай, спектаклді «Со­рос – Қазақстан» қоры қаржы­лан­дырған.
Ал «Адали» қоры гейлерге тегін пси­хологиялық кеңес беріп, тіпті гей­лерге арналған кітаптарды оқып, фильмдерді көруге жағ­дай жа­сап қойған.

БАҚ бетінде
Байқайсыздар ма, соңғы кездері біздегі гейлер өз ойларын бүкпесіз айта бастады. Тіпті олардың «уәжін» тыңдау үшін аудиториясын арнап отырған БАҚ бар.
Ілгеріде «Азаттык» сайтының тілшісі Дина Байдилдаева Мақсат деген гейден сұхбат алды. «Но если бы внесли законодательно, что не­льзя преследовать человека только за его сексуальную ориентацию, что­бы мы могли спокойно жить в этой стране, не боясь, что в любой мо­мент на нас могут напасть испод­тишка» дейді сұхбатында Мақсат.
NewTimes.kz Амир есімді гей-дің «жан сырын» жариялады. Ол біздегі заң­ның гейлердің еркін өмір сүруіне мүмкіндік бермейтініне қын­жылыс білдіреді. «Кодекс
«О се­мье» говорит, брак – это союз муж­чины и женщины. И косвенно это дискриминирует гомосексуалов, то есть я при всем желании не смогу создать официальную семью со своим партнером» дейді ол. КТК ар­насы да емініп тұрған екі гейдің «тағ­дыры» туралы баяндады. Екеуі Бер­линде өткен гей-шеруге қаты­сып, Қазақстанның «намысын» қорғапты. Екеуі Қазақстандағы го­мофобиядан әбден зәрезап бо­лып, алмандардың жеріне бас сау­ға­лапты.
Гейлердің бәрінің жыры – осы тек­тес. Қазақстанда «қорғансыздың кү­нін» кешіп жүргенін айтып егі­леді. Тіп­ті басқа елдерден, іргелі ұйым­­дар­дан көмек қолын созуды сұрап жат­қандары бар. Неге? Се­бебі, Орта Азия­ға азғындықтың тұқы­мын сеп­кісі келеді.

Қайтпек керек?
Осыдан бірер жыл бұрын Бала­лар­ды зиянды ақпараттардан (оның ішінде гомосексуализм де бар) қор­ғау туралы заң жобасы қолға алын­ды. Қоғамда үлкен қолдауға ие бол­­­ғанымен, жеме-жемге келгенде Конс­титуциялық кеңес бұл заң жо­басын кері қайтарды. Неге? Себебі, жыныстық кемсітушілігі бар елге Қысқы олимпиада өткізуге рұқсат етілмейді екен. Ол кезде Қазақстан Қысқы олимпиада өткізу үшін бақ сынап жатты. Сондықтан бұл заң­ның қабылдануына мүмкіндік бер­меді. Одан бері қанша уақыт өтті. Бәл­кім, сол заңды да қайта қолға алу керек пе еді?
Құдай адамды тең-теңімен жа­рат­ты. Ал бұлардың әрекеті – нағыз құ­дайға қарсылық. Қазақта «Құ­дай­дан қорықпағаннан қорық» дейді. Бұлардың бар мақсаты – қазақты, мұсылманды, жалпы қоғамды аз­дыру. Бәлкім, бізге де қайтадан го­­мосексуалдықты «қылмыс» деп тану керек шығар? Себебі, Қа­зақ­станда дәл осы гомосексуалды­лық­тың салдарынан болған қыл­мыс­тық оқиғалар жетіп артылады. Қа­зақстандағы ажырасу санының ар­туына да гомосексуалистер
кі­н­­әлі. Мұндай пікірді бірер жыл­дың ал­дында Мәжіліс депутаты Жам­был Ахметбеков айтып, дәс­түрлі емес сек­суалдық қарым-қа­ты­нас ұс­та­­натын адамдарды ашық айып­та­ған болатын.

Түйін:

Қазақстандағы гейлердің бар арманы – біржыныстылардың некесін заңдастыру. Осы арманы орындалса, бөркін аспанға атқалы тұр. Алдымен, Құрманғазы мен Пушкинді «сүйістірді». Сосын, Берлинде, Нью-Йорктегі өткен гей-шерулерге қатысты. Шеруге үстіне қазақ қызының көйлегін киіп, қолына қазақтың туын көтеріп шыққан гей естеріңізде болар? Осы сияқты оқиғалар жетіп артылады. Тағы не ойластырып отыр екен?
Алла Тағала Құранның «Ағраф» сүресінде әйел затына жуымай, еркекке шабатын гейлерді «Сендер анық азғын жұртсыңдар» деп айыптайды. Ал «Һұд» сүресінде «Жаза әміріміз келген заматта олардың мекен- жайларының астаң-кестеңін шығардық және үстеріне отпен қыздырып әзірлеп қойған тастарды үстемелей 
жаудырдық» дейді. 
Азғындық әбден шектен шыққан кезде Алланың ескертуі ретінде түрлі апаттардың болатыны белгілі. Бір кездегі лұд қауымы секілді біздің де төбемізден тас жауар ма екен осы… 
Құдай сақтасын!

Серікбол ХАСАН

«Айқын» газеті


21.11.2017 14:07 жарияланды
0 рет көрілген

Бөлсіңіз:

Добавить комментарий

Для отправки комментария вам необходимо авторизоваться.

ҰҚСАС


Pедакторы: Сұлтан Ұланұлы
Телефон: 8(778)6241825
Почта: 052893@mail.ru
Яндекс.Метрика