Титаниктің тағдыры

Осыдан бір ғасыр бұрын адамзат тарихында ірі су апаты – Титаник кемесі Атлант мұхитына батып кеткен болатын.Ол айсбергке соғылып,екі жарым сағат ішінде қаққа бөлініп,бір жарым мыңнан астам адамның өмірін жалмады. Бүкіл әлемді дүр сілкіндіріп, артында өшпейтін із қалдырды. Өз заманында адамзаттың қолымен жасалынған ең үлкен кеме – «Титаниктің» ажлы неден болды?- деген сауал әркімді болсын толғандырып, алып қашпа әңгімелерде толастамай кеткенді.
​Ең алып кемелердің екіншісі болған – Титаниктің құрылымы,құрылысы күрделі болатын. Бұл кеме апаттық жағдайларға көп кездескен. Бірақ сонда да басшылары мән бермей жолға шығып, сақтық шараларын мүлдем ұмытқан. Салдарынан жазықсыз адамдар жапа шекті.Адам шығынының көптігі жағынан үшінші орында деген мәліметтерде көп.
​Су көлігінің апаттық орын алған кездегі жағдайы фотосуретке түсіріліп үлгерген. Оның қалдықтарын әлемнің түпкір-түпкір жеріндегі музейлерде сақтап, келген қонақтарды тарихымен таныстырады. Кемені жасау үшін авторлар бес жыл тыным көрмей, жұмыс жасаған. Апат ХХ-шы ғасырда орын алған.
Қазіргі таңда бұл тарихи оқиға жайлы әр түрлі деректі кинолар түсіріліп, кітаптар жарыққа шығуда. Аты аңызға айналған кеменің қайғылы тағдыры әлі де ұмытылмай, ауыздан ауызға тарауда. Ғасырға жуық уақыт өтсе де, осы апаттың тылсым сырлары адамзат баласын қызығушылықпен толғандыруда…

Құдайберген Төлеубала


08.04.2018 12:40 жарияланды
0 рет көрілген

Бөлсіңіз:

Добавить комментарий

Для отправки комментария вам необходимо авторизоваться.


Pедакторы: Сұлтан Ұланұлы
Телефон: 8(778)6241825
Почта: 052893@mail.ru
Яндекс.Метрика