Том Леффлер үшінші кездесу жөнінде сөз қозғады

Геннадий Головкиннің промоутері Том Леффлер мексикалық Сауль «Канело» Альвареспен қарымта жекпе-жек туралы келісімшартта үшінші кездесу туралы неге көрсетілмейтінін түсіндірді, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

«Біржақты пункттер бар. Егер жекпе-жек болса, 5 мамырда өтеді. Екі тарап тағы бір жекпе-жек туралы алаңдағанша, бар күшін қарымта жұдырықтасуды ұйымдастыра салуға келісті. Сондықтан бұл мәселе қозғалған жоқ. Бұл сияқты даңқты чемпиондар жұдырықтасатын үлкен жекпе-жекте талқылайтын тұстар жетерлік. Қол қоюға жақын қалдық, дегенмен, қол қойылғанша ешқандай хабар бере алмаймыз», – дейді Леффлер K.O. Artist Sports баслымына берген сұхбатында.

Еске салайық, Головкин мен «Канело» арасындағы алғашқы жекпе-жек 2017 жылдың 16 қыркүйегінде Лас-Вегаста өтіп, тең аяқталған.


17.01.2018 21:50 жарияланды
0 рет көрілген

Бөлсіңіз:

Добавить комментарий

Для отправки комментария вам необходимо авторизоваться.

ҰҚСАС


Pедакторы: Сұлтан Ұланұлы
Телефон: 8(778)6241825
Почта: 052893@mail.ru
Яндекс.Метрика