ЖШС құру және банктен есепшот ашу жолдары

Кез келген мемлекеттің экономикасын алға сүйреуші негізгі күш — шағын және орта бизнес өкілдері. Кәсіпкерлердің үлес салмағы артқан сайын мемлекеттің қаржылық әлеуеті де жақсара түседі. Ең алдымен салық есебінен бюджетке түсетін пайда көлемі өседі, жұмыспен қамту мәселесі оңтайлы шешімін тауып, халықтың әлеуметтік ахуалы артады.

Кәсіпкерлікпен айналысудың жолдары көп. Егер сіз қандай да бір саланы қолға алып, өз бизнесіңізді өрістеткіңіз келсе онда ЖК немесе ЖШС ретінде тіркеуге тұра аласыз. ЖШС жұмысы күрделірек болғанымен де ол сіздің бизнесіңізді дамытуға көптеген қолайлы жақтарын ұсына алады. Әсіресе мемлекеттік тапсырыспен жұмыс істеу барысында ЖК қарағанда ЖШС артықшылықтары анық байқалады. Әрі сіз белгілі бір уақыттан кейін басқа салаға ауысып жатсаңыз өз бизнесіңізді нарық бағасымен саудаға қоя аласыз.

ЖШС қалай және қайда тіркеймін және ол үшін не керек?

Жауапкершілігі шектеулі серіктестікті (ЖШС) халыққа қызмет ету орталығынан немесе үйіңізде отырып-ақ egov.kz порталына ашасыз. Ол үшін электронды сандық қолтаңбаңыз болса жетіп жатыр.

Порталға тіркеліп, өзіңіз айналысатын саланы таңдайсыз және жеке мәліметтерді толықтырасыз. Осыдан соң сізге 10 минут көлемінде жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік тіркеу туралы анықтама беріледі. Кейде анықтаманы беру уақыты 30 минутқа дейін созылуы мүмкін. Анықтама қолыңызға тиген соң жергілікті салық басқармасынан жеке кәсіпкерлікті растайтын талон мен хабарлама беріледі. Енді сізге статистикалық комитетке тіркелу керек және қажет болған жағдайда кәсібіңізді жүргізуге арналған лицензияға тапсырыс бересіз. Бұдан бөлек банк бөлімшесіне барып, өз кәсібіңізге жеке есепшот ашу қажет.

Банктен есепшот ашу, қай банк тиімді?

Әуелі қажетті құжаттардың тізіміне көз жүгіртейік (барлық банктің талабы бір):

1. ЖШС Жарғысы (түпнұсқа, көшірме);

2. Жалғыз құрылтайшының шешімі (түпнұсқа, көшірме);

3. Директорды тағындау жөніндегі бұйрық (түпнұсқа, көшірме);

4. Жеке куәлік (түпнұсқа, көшірме);

5. Мемлекеттік тіргеуге тұрғандығы жөнінде анықтама;

6. Кәсіпкерлік түрімен айналысуға рұқсат беретін лицензия (талап етілген жағдайда).

«ForteBank»

ЖШС арналған есепшот ашу құны — 3500 теңге. Бұл қызметті тегін алуыңызға да болады. Ол үшін аталмыш банктің карточкасын иеленсеңіз болғаны. Әрі қарай қоластыңыздағы қызметкерлерге айлықты осы банктің карточкасы арқылы төлейтін боласыз.

Есепшотты жүргізу – айына 1500 теңге. Егер шотыңызға соңғы айда қаражат түспеген және алынбаған болса, онда 900 теңге.

Кассалық операциялар – 0,3%. Шоттан ақша шешкен кезде осындай көлемде пайыз ұсталып қалады. Бірақ ақша аударымдарын жасау тегін.

«Халық банк»

ЖШС арналған есепшот ашу құны – 3500 теңге. Бұл банкте есепшот ашу барысында бірқатар жеңілдіктер ұсынады. Оны банк бөлімшесіне барып, менеджермен тарифтерді таңдау барысында нақтылайсыз.

Есепшотты жүргізу – айына 1900 теңге.

Кассалық операциялар – бір миллион теңгеге дейін 500 теңге көлемінде комиссия ұсталады. Егер қаржы айналымы бір миллионнан асатын болса комиссия бағасы да өзгере түседі. Салымның көлемі 5 миллион теңге болса – 0,3% ұсталады.

«Каспий банк»

ЖШС арналған есепшот ашу құны – тегін.

Есепшотты жүргізу – бұл жерде сізге бірнеше пакет ұсынылады екен. Орта есеппен алғанда шағын кәсіпкердердің басым бөлігі айына 2000 теңгелік пакетті қолданады. Аталмыш қызмет түрін сатып алу арқылы сіз айына он төлемге дейін тегін жүргізу құқығына ие бола аласыз.

Кассалық операциялар – 0,45%. Егер шоттан ақша алатындығыңыз туралы банк қызметкерлеріне алдын ала ескертер болсаңыз, онда сізден 0,39% комиссия ұсталады.

«Цеснабанк»

ЖШС арналған есепшот ашу құны 4000 тг.

Есепшотты жүргізу – 700 теңге. Егер мобилді банк жүйесін қосатын болсаңыз, онда айына 1500 теңге төлейсіз.

Кассалық операциялар – 0,40% шамасында. Есепшоттан ақша шешудің минималды комиссиясы 450 теңгені құрайды.

P/S: Бұл жерде бірнеше банктің ұсынған бағаларына қысқаша шолу берілген. Егер сіз өз бизнесіңізді бастау туралы шешім қабылдар болсаңыз, онда міндетті түрде банк бөлімшелеріне барып, менеджерлермен бетпе-бет сөйлескеніңіз абзал. Себебі банктер клиент тарту мақсатында түрлі акциялар мен жеңілдетілген тарифтер ұсынады. Теңгенің тиыннан құралатындығын ескеретін болсақ, бизнесті енді бастаған адамға жеңілдіктің барлық түрі үлкен қолдау болары анық.

Нұрлыхан Қалқаманұлы


27.11.2017 17:09 жарияланды
0 рет көрілген

Бөлсіңіз:

Добавить комментарий

Для отправки комментария вам необходимо авторизоваться.

ҰҚСАС


Pедакторы: Сұлтан Ұланұлы
Телефон: 8(778)6241825
Почта: 052893@mail.ru
Яндекс.Метрика