ЖСН нөмірімен тіркемеген абоненттер Қазақстанда байланыс желісіне шыға алмайды.

2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап байланыс нөмірін ЖСН нөмірімен тіркемеген абоненттер Қазақстанда байланыс желісіне шыға алмайды.

Еліміздегі ақпарат және коммуникация министрі Дәурен Абаевтың айтуынша, 2016 жылдан бері ұялы байланыс нөмірлерін тіркеу туралы талап қойылған екен.

Аталмыш жүйе ұялы телефон ұрлығын азайтуға көмектеседі деп күтілуде. Мәселен қалта телефонын жоғалтқан жәбірленуші полицияға шағымданса, олар абонент нөмірі арқылы телефонды бұғаттап тастай алады.

Тәжірибе нәтижесі көрсеткендей, телефонның IMEI коды арқылы оның иесін табу өте қиынға соғады екен. Жаңа жүйе іске асуы үшін абоненттің байланыс нөміріне телефонның IMEI-коды мен жеке куәлігіндегі ЖСН нөмірімен қоса тіркеп қою керек.

«Ұялы байланыс абоненттері 2019 жылдың 1 қаңтарына дейін нөмірін тіркемесе, байланысқа шыға алмайтын болады», — дейді Абаев.

Сондай-ақ министр абоненттер онлайн түрде тіркеуден өте алатынын да ескертіп өтті.


17.05.2018 13:33 жарияланды
0 рет көрілген

Бөлсіңіз:

Добавить комментарий

Для отправки комментария вам необходимо авторизоваться.


Pедакторы: Сұлтан Ұланұлы
Телефон: 8(778)6241825
Почта: 052893@mail.ru
Яндекс.Метрика