10 мың адамға қоңырау шалған алаяқтық топ ұсталды

Просмотров: 38
Астанада күніне 10 мың адамға қоңырау шалған алаяқтық топ ұсталды, деп хабарлайды247media.kz
Қала прокуратурасының дерегінше, әлеуметтік желі, электронды мессенджерлердегі аккаунттар заңсыз іске қосылған SIM қораптар анықталды.

Абоненттік нөмірлерді ауыстыруға және географиялық орынды өзгертуге арналған құрылғылар тәркіленді.

Жалпы бұл жабдықтар арқылы олар бір мезетте ондаған адамға қоңырау шалып және жүздеген хабарлама жіберген. Қазіргі уақытта зардап шеккендер анықталуда, деп жазады qazaqstan.tv.

Мамандар алаяқтың құрбаны болмау үшін үшінші тұлғаға жеке деректерді немесе банк шоттарын беруден бас тарту керектігін ескертеді.

 

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған