11 жастағы қызын тоқалдыққа берген әке ағынан жарылды

Малайзиядағы Келантан штатында 11 жастағы қызын 41 жастағы имамға әйелдікке берген ер адам өз әрекетін түсіндірді. Бұған осы жайтқа қоғамдағы наразылық түрткі болған.

Бұл туралы L!FE жазды.

Еске сала кетелік, 11 жастағы қыз бен 49 жастағы имамның тойы Тайландта болған. Екі әйелі мен 11 баласы бар малайзиялық имам 11 жастағы тай қызын үшінші әйел қып алып, бұл жайт құқық қорғаушылардың назарына іліккен. Тіпті, қылмыстық іс те қозғалған.

Істі қозғауға имамның бірінші әйелі әлеуметтік желіге жүктеген той кезіндегі суреттері ілік болған.

Тәртіп сақшылары Абдул Хамитті кінәлі деп тауып жатса, оған алты айға дейінгі бас бостандығынан айыру мен 247 мың доллар көлеміндегі айыппұл тағайындалмақ. Бұл елдерде 16 жасқа дейін қыз баланың тұрмысқа шығуына тыйым салынады.

Ал қыздың әкесі заңға қайшы ешқандай әрекет қылған жоқпын деп бәйек. Бұл жай атастыру дәстүрі еді депті.

Ал қызын ертерек құтты орнына қондыруға неге асыққанын әке тұрмысының нашарлығымен түсіндіріп көруге тырысыпты.

— Қарызымыз көп, өте кедей отбасымыз. Біз оларға қызды 16 жасынан соң алып кетесіздер деп талап қойдық. Олар бұған келіскен. Сөйтіп арадағы қарыз кешіріліп, жойылды. Имаммен баяғыдан таныспыз, жақсы араласамыз, көрші тұрғанбыз, — депті тайлық ер адам.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Advertisment ad adsense adlogger