15 қыркүйектен бастап балаларды қашықтықтан оқытуға жібереді ме – санитарлық дәрігерлердің жауабы
Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің ақпаратынша, мессенджерлерде 15 қыркүйектен бастап балаларды қашықтықтан оқытуға жібереді және мекемелерде бетперде режимі енгізіледі деген ақпарат шындыққа жанаспайды.
«Жыл сайын эпидемиялық маусым кезеңінде профилактикалық және эпидемияға қарсы іс-шараларды өткізуді көздейтін ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулысы бекітіледі. Қаулыға сәйкес, ағымдағы жылдың 15 қыркүйегінен бастап тұмауға қарсы вакцинация жүргізу басталады. Бетперде режимі тек медициналық ұйымдардың қызметкерлері үшін енгізіледі»,- деп нақтылады.
Ведомство қаулымен толығырақ ҚР ДСМ Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің сайтында мына сілтеме бойынша танысуға болатындығын атап өтті.
«Барлық азаматтарды ресми ақпарат көздеріндегі сенімді ақпаратқа сенуге шақырамыз».Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті
15 тамызда Тоқаевтың олимпиадашылармен кездесуі кейінге шегерілді. Оған себеп, спортшыларға қойылған COVID-19 диагнозы.