19 тамыздағы саудада доллар бағамы төмендей бастады

Просмотров: 20
Қазақстан қор биржасында (KASE) 2024 жылғы 19 тамызда сағат 15:30-да шетел валюталары бойынша сауда-саттық жабылды, деп хабарлайды 247media.kz

Сауда-саттықтың қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы алдыңғы сессиямен салыстырғанда 0,21 теңгеге төмендеп, 478,74 теңгені құрады.

Қытай юанінің бағамы 0,40 тармаққа өсіп, 67,09 теңгені құрады.

Алматыдағы ақша айырбастау орындарында доллар 478,55-479,99 теңгеге, еуро 524,87-528,57 теңгеге, ресей рублі 5,28-5,37 теңгеге сатылуда.

Сонымен қатар, 19 тамыздағы сауда деректері бойынша мұнай бағасы да төмендей бастады.

Brent маркалы мұнай фьючерстері 45 центке немесе 0,56%-ға төмендеп, барреліне 79,23 долларды құрады.

WTI маркалы мұнай 58 центке немесе 0,76%-ға арзандап, барреліне 76,07 долларды құрады.

Ұлттық банк таңертең доллар бағамын 478,91 теңге, еуроны 526,42 теңге, рубльді 5,38 теңге деп белгіледі

 

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған