№2 мектеп ұжымымен кездесу өтті

Просмотров: 7

Теміртау қаласында жаңа Конституция жобасын түсіндіруге арналған кездесулер жалғасуда. Қалалық коалиция мүшелері КГУ «ОШ №2» еңбек ұжымымен кездесіп, ұсынылып отырған конституциялық өзгерістердің мазмұны мен маңызын түсіндірді.

Кездесу барысында Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы жобасының негізгі бағыттары, енгізілетін өзгерістер және олардың қоғам өміріне ықпалы туралы кеңінен айтылды. Сондай-ақ алдағы референдумның ел болашағы үшін маңызына тоқталып, әр азаматтың бұл маңызды саяси оқиғаға белсенді қатысуының маңызы атап өтілді.

Жиын ашық диалог форматында өтті. Қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, пікір алмасуға мүмкіндік алды. Коалиция мүшелері көтерілген мәселелерге жауап беріп, конституциялық реформалардың негізгі мақсаттары мен міндеттерін түсіндірді.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған