2024 жылғы Президент Жолдауы: азаматтарға арналған цифрлық сервистер – ыңғайлы, жылдам әрі ашық
Президенттің «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» Жолдауындағы және өзге де тапсырмаларын жүзеге асыру аясында елімізде IT-технология арқылы азаматтарға арналған цифрлық қызметтерді дамыту бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр.
Елімізде G2C (азаматтарға арналған мемлекет) форматындағы цифрлық сервистер белсенді түрде енгізіліп жатыр. Бұл мемлекеттік қызметтерді алуды жеделдетіп, ашық әрі қолжетімді етеді.
ҚР ЦДИАӨМ мәліметінше, Электронды медициналық анықтамалар мен еңбекке уақытша жарамсыздық парақтарын цифрлық форматқа толық көшіру көлеңкелі экономиканы 7,5 млрд теңгеге қысқартуға және жүйенің ашықтығын қамтамасыз етуге мүмкіндік берді. Бюджет қаражатынан 450 млн теңге үнемделді. 1,5 млн қызмет түрі қамтылған телемедицина сервисі қашықтан кеңес беруге және диагностикалауға мүмкіндік берді. Бұл халықтың 13 млрд теңгеден астам қаржысын үнемдеді.
Балабақшалар мен мектептерге қабылдау цифрлық форматқа көшірілді. Жоғары оқу орындарына қабылдау және жатақханаға орналастыру да онлайн жүзеге асырылуда — бірыңғай сервис құжат тапсыруға, емханаға тіркелуге, әскери есепке тұруға және жатақханадан орын алуға мүмкіндік береді. ҰБТ-ның электронды сертификатын енгізу нәтижесінде бюджет қаражаты 83 млн теңге үнемделді. Ал азаматтардың шығыны 300 млн теңгеден астам сомаға қысқарды.
Сондай-ақ әлеуметтік салаға да цифрлық шешімдер енгізіліп жатыр.
«Әлеуметтік әмиян» арқылы тегін тамақ беру процесі бақылауға алынды. Ол арқылы бюджет қаражатын үнемдеп, оны тиімді пайдалануға мүмкіндік туды. Бұл жобаның ауқымы кеңейеді. Ол еліміздегі барлық мектептерде енгізіліп жатыр»,
— деді цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев.