2025 жылдың І тоқсаны бойынша “Орталық” өңірлік қолбасшылығында әскери кеңес өтті
2025 жылдың бірінші тоқсанының қорытындысы бойынша “Орталық” өңірлік қолбасшылығында әскери кеңес өткізілді. Кеңестің мақсаты – осы кезеңдегі әскери қызметтің негізгі нәтижелерін саралап, алдағы уақытқа міндеттерді нақтылау болды.
Іс-шараға өңірлік қолбасшылықтың басшылық құрамы, әскери бөлім командирлері қатысты. Кеңес барысында әскери дайындық, жауынгерлік тәртіп, әлеуметтік-тұрмыстық қамтамасыз ету, әскери қызметшілердің моральдық-психологиялық жағдайы және құқықтық тәртіп мәселелері кеңінен талқыланды.
Әскери кеңес қорытындысы бойынша әскери бөлімдерге нақты тапсырмалар жүктеліп, жеке құрам алдында тұрған міндеттер айқындалды. Жауапты басшыларға белгіленген бағыттар бойынша жұмысты жандандыру және көрсеткіштерді жақсарту тапсырылды.
Осылайша, “Орталық” өңірлік қолбасшылығының қолбасшысы генерал-майор Сакентай Амантайұлы Шекарбеков 2025 жылдың алғашқы тоқсанында атқарылған жұмыстарды жүйелеп, алдағы кезеңге арналған нақты стратегиялық бағыттарды белгіледі.
ҚР ІІМ ҰҰ “Орталық” ӨңҚ Баспасөз қызметі