2026 жылғы егін егу науқанын қаржыландыруға 1,3 мыңнан астам өтінім түсті

Просмотров: 7

Агротехнологияларды сақтау және уақтылы мемлекеттік қолдау көрсету ауыл шаруашылығы көрсеткіштерінің сапалы өсуін қамтамасыз етті. Егер 2023 жылы орташа өнімділік 11 ц/га болған болса, 2025 жылы ол 17 ц/га-ға дейін өсті, ал озық шаруашылықтарда 40 ц/га-ға дейін жетті. Бұл деректерді ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров Үкіметтің жылдық жұмысын қорытындылауға арналған баспасөз конференциясында келтірді.

Мұнда егін егу және егін жинау жұмыстарын жеңілдікпен қаржыландыру (750 млрд теңге, 8,5 млн га алқап) шешуші факторға айналды. Бұл ретте мемлекет 2026 жылғы егін егу науқанын қаржыландыруға қазан айынан бастап кірісіп кетті.

 

«Бүгінгі таңда 230 млрд теңгеге 1,3 мыңнан астам өтінім келіп түсті, оның ішінде 81 млрд теңгеге 750-ден астам ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер қаржыландырылды. Қол жеткізілген нәтижелерді тыңайтқыштарды енгізу көлемінің 3 есеге (1,8 млн тоннаға дейін) артуымен және ауыл шаруашылығы техникасының тозуы 80%-дан 70%-ға дейін төмендегенінен көруге болады»,

— деді Айдарбек Сапаров.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған