№23 мектеп ұжымымен кездесу өтті

Просмотров: 7

Бүгін қалалық коалиция өкілдері КММ «№23 жалпы білім беретін мектеп» ұжымымен кездесіп, Қазақстан Республикасы Конституциясының жаңа жобасы жөнінде ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Кездесу барысында қатысушыларға Конституция жобасында қарастырылған өзгерістер мен толықтырулар туралы жан-жақты мәлімет берілді. Сонымен қатар жаңа нормалардың қоғамның дамуына және азаматтардың құқықтарын нығайтуға бағытталғаны атап өтілді.

Жиын барысында мектеп ұжымы өз ой-пікірлерін білдіріп, көтерілген тақырыптар төңірегінде ашық пікір алмасу өтті.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған