3517 әскери бөлімінде «Мәңгілік сапта» акциясы ұйымдастырылды
Ағымдағы жылдың 5 қаңтар күні Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы «Орталық» өңірлік қолбасшылығына қарасты Степногорск қаласында орналасқан 3517 әскери бөлімінде 2022 жылы елімізде орын алған Қаңтар оқиғасында қаза тапқан Мадияр Қайсаров пен Айбат Амановты еске алу іс-шарасы өткізілді. Аталмыш шара жас батырлардың рухына тағзым жасап бір минуттық үнсіздіктен басталды. Сондай-ақ, әскери қызметшілерге жас батырлардың өмірі мен қызмет барысындағы ерліктері толық айтылып өтті.
- Бұл іс-шара біздің батырларымыздың қайтпас мінезі мен қайсарлығына арналады. Иә, елі үшін жас жанын пида еткен қос батыр өмірлеріне төнген қауіпке қарамастан қызметтік-жауынгерлік міндеттерін адал орындады. Мадияр Қайсаров пен Айбат Амановтың есімдері Қазақстан Республикасы Ұлттық Ұланы батырларының тізіміне мәңгілікке енді. Есімдері ел жадында- деп атап өтті 3517 әскери бөлімі командирінің тәрбие және әлеуметтік құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары капитан Нұрлан Таласпайұлы
Естеріңізге сала кетсек қос батыр еліміздің президентінің жарлығымен Айбат Аманов пен Мадияр Қайсаров қайтыс болғаннан кейін ІІІ дәрежелі «Айбын» орденімен марапатталды.
ҚР ҰҰ «Орталық» ӨңҚ Баспасөз қызметі