Түнде төсегіме келіп жүрді…

Қазір жасым 45-те. Бес баланың анасымын. Басынан бастайын. 9 жасымда түп нағашым (əйелі қайтыс болған) бала-шағасына сыймай біздің уйге келіп тұрды. Ата-анам жүректері кең кісілер. Ол кісілер ағалап, біздер аталап қарсы алдық. Бес ұлдың ішінде жалғыз қыз болғасын бір бөлмеде жалғыз жататынмын.

 

Бір күні түнде төбемнен төнген нарседен шошып ояндым. Сөйтсем əлгі кісі екен. Қорыққаннан дыбысым шықпай үнім өшіп қалды. Ол бас салып мені сүйіп, үстіме шығып, екі аяғымның ортасына төгетінін төкті де кете барды. Жиіркеніштен лоқсып мен қала бердім. Кітап оқығанды жаным сүйетін. Жастығымның астындағы кітап парағымен сүртініппін, неге олай жасағанымды білмеймін. Содан ол кісі арасында солай кеп жүрді. Ата-анама айта алмаймын. Тек түнде қорқамын дей берем. Кей күндері қастарына алып жатады. Кейде інілеріме жалынып жаныма жатқызып жүрдім. Солай арпалыспен балалық шағым өтіп кете барды. Еркек адамға деген жиіркеніш сезімімді айтып жеткізе алмаймын. Қыз болып жігіт пен де жүрмеппін. Сыныптас балалармен де сөйлескім келмейтін. Бəрі мені зорлап кететін сияқты боп тұратын. Тек бауырларым мен əкемен ғана сөйлесетінмін. ЖОО-да да жігітке қарамадым. Жиіркенем. Оқу бітіріп диплом алдым. Содан қазіргі отағасы ата-анасын құда түсіріп жіберді. Өзі ұнатқан мен қарамағасын солай жасадым дейді қазір. Қарсы болсам ата-анама себебін айту керек. Амалсыз келістім. Алғашында төсек қатынасынан қашып жүрдім. Сол үшін біраз ренжістік. Кейін бəрін айтып түсіндірдім. Басымнан өткен жағдайды.(Ол кезде əлгі хайуан өліп қалған) Содан иығымнан жүк түскендей болды. Қалай жеңілдегенімді айтып жеткізе алмаймын. Іште сақтаған жаман ғой. Оған дейін бір адамға айтпаған ем. Отағасы түсіністікпен қарап, маған көзқарасын өзгертіп, арамыз түзеле бастады. Бұл да бір сынақ болған шығар кезінде. Балалық шақтың бал дəмін сезіну маған бұйырмаған екен. Бірақ отбасылық бақытты өмір мені алда құшақ жая тосып тұрған екен. Өмір сюрпризге толы. Еш уақытта түңілуге болмайды. Алда тек жақсы күндер тосып тұрғанын ұмытпау керек. Тек соған ұмтылу керек. 👎Əйелі жоқ ер азаматты қызы бар уйге жолатпаңыздар👎. Бес саусақ бірдей емес. Десек те 👍Сақтанғанды сақтайды

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Advertisment ad adsense adlogger