5451 әскери бөлімінде ата-аналарға арналған ашық есік күні өткізілді
Ағымдағы жылдың 12 қазан күні Қазакстан Республикасы Ұлтык ұланы «Орталық» өңірлік қолбасшылығына қарасты әскери бөлімде ата-аналарға арналған ашық есік күні өткізілді.
Аталмыш іс-шараға көптеген ата-аналар еліміздің алыс аймақтарынан келген болатын. Іс-шара барысында ата-аналарға сарбаздар демалатын казармалар көрсетіліп ғана қоймай, ата-аналар ұйымдастырушыларға көкейлерінде тұрған сұрақтарын қойып,
мардымды жауаптарды естіген болатын. Сондай-ақ, іс-шара аясында ата-аналарға сарбаздардың күнделікті тамақтарын көрсетіп, астан дәм тәтқызды.
Сонымен қатар іс-шара соныңда ата-аналар әскери бөлім командирімен, сұқбаттасып балаларын бір күндік демалысқа алып кете алды.
ҚР ҰҰ “Орталық” ӨнҚ Баспасөз қызметі