Қылмыскерлер құрықталды

Ресейдің Саратов қаласында екі жігіт көрші әйелді күйеуінің көзінше зорлаған, — деп хабарлады КТК арнасының ресми сайты.


Саратов қаласы Волж ауданының тергеушілері 24 және 18 жастағы жергілікті тұрғындарға қатысты зорлық және өлтіру қаупі деген баптармен қылмыстық іс қозғады. Тергеушілердің мәліметінше, қаскөйлер көрші әйелге шабуыл жасаған. Көпқабатты үйде тұратын жігіттер көрші тұратын жұптардың үйіне қонаққа келіп арақ ішкен.

— Арақ ішіп отырып үй иесінің әйеліне көзі түскен жігіттер әйелге ұятсыз ұсыныс жасайды. Бұны естіген күйеуі ашуланып, жанжал туады. Сонда жігіттің біреуі қожайынның басынан бірнеше рет соққы жасап, есінен тандырып, досы екеуі әйелді ұрып, зорлайды. Есін жиған ер адам полиция шақырады.

Құқыққорғау органының қызметкерлері күдіктінің біреуін сол үйде ұстап, екіншісін үйдің маңайынан қолға түсірді. Күдіктілер қамауға алынды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Advertisment ad adsense adlogger