6505 әскери бөлімінде ашық есік күні өткізілді

Просмотров: 10

         Ағымдағы жылдың 12 қазан күні Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы «Орталық» өңірлік қолбасшылығына қарасты Қарағанды қаласында орналасқан 6505 әскери бөлімінде  отан алдындағы борышын өтеп жүрген әскери қызметкерлердің ата-аналарына арналған ашық есік күні өткізілді.Аталмыш іс-шараған отан қорғаушылардың ата-аналары келіп, әскери өмірдің бір күнінің қалай өтетінің көре алды.

Іс-шара барысында ата-аналар ең алдымен сарбаздар жататын казармаларды аралап ғана қоймай, асханаларға барып сарбаздардың күнделікті ас мәзірімен танысты.

Сонымен-қатар, ата-аналарға қару жарақ түрлері, арнайы дайындалған қойылымдар көрсетілді. Іс-шара соныңда ата-аналар мерекелік концертті тамашалап, әскери бөлім командирінің өз сауалдарын қойып, сарбаздарды бір күндік демалысқа алып кетті.

 

 

ҚР ҰҰ «Орталық» ӨңҚ Баспасөз қызметі

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған