6505 ӘСКЕРИ БӨЛІМІНІҢ ӘСКЕРИ ОРКЕСТРІ ЖЕҢІСТІҢ 80 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН КОНЦЕРТ ӨТКІЗДІ

Просмотров: 12

2025 жылдың мамыр айының қарсаңында, Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай 6505 әскери бөлімінің әскери оркестрі жергілікті атқарушы органдармен бірлесе отырып, қаланың орталық саябағында салтанатты концерт ұйымдастырды. Ел жүрегіне жылы тиер бұл іс-шара ардагерлерді ұлықтап, соғыс жылдарындағы рухты әндерді дәріптеуге бағытталды.

Концерттің басты мақсаты – екінші дүниежүзілік соғыста ерлікпен шайқасқан ата-бабаларымыздың есімін ұмытпау, өскелең ұрпақтың патриоттық сезімін арттыру және Жеңіс күнінің маңызын халыққа тағы бір еске салу болды.

Мерекелік кеште әскери оркестрдің кәсіби музыканттары соғыс жылдарындағы атақты шығармаларды, жауынгерлердің рухын көтерген әндерді орындады. Көрермендер назарына “Катюша”, “Журавли”, “Темная ночь”, “Смуглянка” сияқты жауынгерлік рухты көтеретін әндер ұсынылып, қазақтың “Ана туралы жыр”, “Елім менің”, “Жеңіс күні” секілді патриоттық әндермен жалғасты. Әскери оркестрдің орындауында әр туынды жан тебірентерлік әсер қалдырды. Көпшілік сахна маңында қосылып ән айтып, шынайы эмоцияларын жасыра алмады.

Концерт соңында әскери оркестрдің дирижері мен барлық қатысушыларға алғыс білдірілді.
ҚР ІІМ ҰҰ “Орталық” ӨңҚ Баспасөз қызметі

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған