8 жастағы қызды зорламақ болған азғын ұсталды

ШҚО-ның Үржар ауданында 8 жастағы қызды зорламақ болған мас адамның арам ойы іске аспады. Оқушының жан даусын естіген ауыл тұрғындары дер кезінде көмекке келген деп хабарлайды NUR.KZ.

ШҚО-ның арнайы қылмыстық істер жөніндегі соты мас күйде 8 жастағы қызды зорламақ болған Үржар ауылының тұрғынына үкім шығарды. 

Соттың мәліметінше, ер адам қызды оқшау жерге апарып, зорламақ болған. Абырой болғанда қыз баланың айқайын естіген үш ауылдасы бірден көмекке келген.

Олар Архат пен Мерхат Жақмановтар мен Тоқтарғазы Қайрақпаев. Ағайындылар қыз баланы қылмыскердің қолынан жұлып алса, үшіншісі оны қуып жетіп, полиция келгенше жібермей ұстаған.

Advertisment ad adsense adlogger