Дәстүрден аттап от бастым

Қазақ халқынан асқан  жер бетінде дана халық бар ма? Жеті атаға дейін қыз алыспай, қан тазалығын сақтауда үлкен мән бар екен ғой.. .

 

Мен де жас болдым. Жастықпен бір қатеге ұрындым. Өзім орысша тəрбиеленгендігімнен болса керек, қазақтың сан ғасырлық тағылымды дүниелерінен хабарым аз еді.

Əке-шешемнің де оған мəн берген жерін көрмедім. Өнегең болмаған соң…  Құлағыңа кішкентайыңнан құйылмаған соң…  Бойжеттім.   Бір күні көңілімдегі  бір жігітпен кездестім. Қос жас жүректе бір алау —  ғашықтық алауы лаулап қоя берді. Лаулады. Жолдасымның ата-анасы үйленуімізге руларың бір ,əрі жеті атадан аспадық деп, қарсы болды.  Қарсылықты мен түсіне алмадым.   Нəсіп болды.  Шаңырақ көтердік.  Бес ай болғанда аяғым ауыр болды. Жолдасымның да санасында жүз, ру жайлы ой кірмепті. Сосын балалы боламыз деп, əр күнді санап жүрдік.  Бір күні  дəрігерден білген бір хабардан  жанұямыздан береке кетті. Құрсағымдағы бала жарымжан  болып туады деген-ді естіген жолдасым бір айда үйден кетіп тынды.  Оған еш  өкпелей алмадым. Күн келді.  Баламды аман-есен бауырыма алдым. Жарымжан болып туса да, баламнан безбедім. Безуге дəтім жетпеді.

Бір күні жолдасымның əкесі келіп, жеті атадан аспай үйленгендердің ұрпағы кемтар болуы мүмкін екендігін айтқан-ды.Сол сөзге құлақ аспағанымызға, өкінемін.Бойын тіктеп ұстай алмай,күлейін десе күле алмай, әйтеуір тірі пенде боп қалған сәбиімді бауырыма басып,үнсіз егілемін…

Дереккөз: el24kz

Advertisment ad adsense adlogger