Өмірімді өз қолыммен ойран еттім

Мен өз өмірім жайлы айтқым келеді. Есімім жасырын бола берсін. Ауылдан арман қуып үлкен қалаға студент атанып келдік. Басында еш нәрседен хабарым жоқ. Жаңадан тапқан достарыммен тату-тәтті жүріп жаттық. Бірінші курс студенттік кездің ең есте қалатын бал күндері десе де болады. Ақшаны үнемдеуді білмейміз, уаймымыз аз. Мектепте оқып жүргенде мұғалімдеріміз айтатын: «Сендер енді үлкен қалаға барасындар, басқа ортаға түсесіндер. Қазіргідей өмір болмайды, еркеліктеріңді үйге тастап кетіңдер»,- деп. Мен оқуға түскенде сол сөздерін есіме алдым. Ауылға, ата-анаңа деген сағыныш басылмайтын.

Өмірімнің ең керемет кезі 3 курс оқып жүргенде басталды. Бұл уақыт қаладан ауылға қайтара алмайтын кездер еді. Бір күні қоғамдық көлікке мінгенде үнемі көрісіп тұратынбыз бір жігітпен. Кейін танысып, дос болып қалдық. Жағдай біліп сөйлесіп тұрамыз. Жаз аында кешкілік серуендеп қайтуға ұсыныс жасады. Қасында сыныптас досы бар екен. Кешкі астан кейін шамалы сағатқа шығып қайттым. Өзі де өте көңілді жігіт болатын. Күлдіріп, көңіл-күйімді көтеріп жүретін. Жанындағы досымен танысып, тез араласып кеттік. Араға біраз ай салып, таныстырған досы менде көңілі бар екенін айтты. Күніне 24 сағат болса, мен ол кісімен 17 сағат сөйлескен шығармын. Арамыз дым үзілмейтін. Бір-бірімізді қызғанып, ұрыссып аламыз. Кейде, һз-өзіме таң қалатынмын. Неге мен оны қызғанамын? Неге сағынамын? деп. Еркелігімді де, ашуымды да көтеретін. Өзімнің жүрегімді тыңдасам, келісімін беріп тұр. Сонымен, екеуміз ғашықтардың қатарына кірдік. Қарап отырсам, 8 ай дос болып араласыппыз. Достықтан басталған махаббатты атып жеткізе алмаймын. Анасын да, отбасын да танимын. Қызығы, анасы кқрген кезде: «Балама сені алып берем. Маған сенен басқа келіннің қажеті жоқ» деп айтатын. Мен: «Қойыңызшы тате, ол менің досым ғой. Балаңызға күшті қыз тауып берем. Тойында өзім басты рөлде жүремін» деп әзілдесетінбіз.

Уақыт өте келе, өмірімді өз қолыммен ойран еттім. Өзімді әлі күнге дейін кешірмеймін сол үшін. Негізі, шын ғашықтар қосылмайды деген рас әңгіме. Қатты жақсы көрген адамым, өзіммен рулас болып шықты. Екеуміз 2жыл жүргенде, мен оның ағам екенін білмеппін. Бауыр басып қалудың қандай қиын екенін әлі басымнан өткізіп келемін. Күні-түні ойлайтыным, сағынатыным, іздейтінім сол адам. Үлкендерден сұрап та көрдік. Екеуміздің қосылуымызға мүлдем болмайды. Алыстатқым-ақ келеді өзімнен. Басқа адаммен өзімді елестете алмаймын. Сол жігіттің мінезін, күлгенін, жүргенін, айтқан әңгімелерін басқадан көре алмаймын. Жігітімді анасы басқа қалаға жіберіп те көрді. Ешқандай өзгеріс жоқ. Мен қолымнан келгенінше алыстатып жүрмін. Басқа жігітпен сөйлестім көзінше. Шынайылық болмағаннан кейін сенбейді ме білмеймін, айтатын сөзі: «Мен сенен ешқашан бас тартпаймын, әуре болма». Жалғасы не боларын білмеймін. Не істесем болады?

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Advertisment ad adsense adlogger