Министр Қасымов 5 баланың өмірін жалмаған өрттің шығу себебін айтты

Жыл беру маусымы басталғаннан бері өрт азайғанымен, уланудан қаза тапқан адамдар саны 12 пайызға артып отыр. Бұл туралы бүгін Үкіметтің селекторлық режімдегі отырысында ҚР Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

 

«11 айлықтан 12 жасқа дейін 5 бала қаза тапты. Өрттің себебіне келер болсақ, пеш жаққанда қауіпсіздік шарасы сақталмаған. Өрт содан шығып отыр. Содан кейін балалар түнгі уақытта қараусыз қалған. Өрт сөндірушілер 7 минутта жеткен. Полиция мен жедел жәрдем де осы уақытта болған. Бірақ, өкінішке орай жағдайдың алдын алуға мүмкіндік болмады», — деді Қ.Қасымов.

Оның айтуынша, елімізде қазіргі уақытта мұндай жағдайлар аз емес. Дегенмен, жылу беру маусымы өткен жылдың 15 қазанында басталған бері бері өрт біршама азайды.

«Ең бастысы қаза тапқандардың саны азайды. Бірақ, уланудан қаза болғандар саны 12 пайызға артып отыр. Жыл сайын біздің өртке қарсы қызмет алдын алу шараларын жүргізеді. Соңғы бірнеше айда 1,7 млн жеке үйді аралады. 4 млн адаммен кездесіп, түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Осы жағдайға байланысты тағы жұмысты жандандырамыз», — деді министр.

 

Advertisment ad adsense adlogger