ҚАРАЖАЛ ҚАЛАСЫНДА САЙЛАУ ӨЗ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ

Просмотров: 15

Бүгін, 23 тамыз күні Қаражал қаласында Құрылтай депутаттарын сайлау өтті. Таңғы 06:00-де барлық 16 сайлау учаскесі жұмысын бастап, сағат 20:00-де дауыс беру аяқталды.

Күн бойы сайлау учаскелеріне тұрғындар тұрақты келіп, өз таңдауын жасады.

Сайлау күні ерекше сәттер де болды. «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсының облыстық кезеңінде Бас жүлдені иеленген Сағындықовтар отбасы отбасымен бірге дауыс берді. Ал клоун мен аю кейіпкерлері балалар мен сайлаушыларға көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Сонымен қатар, Кариб теңізінің қарақшысы бейнесіндегі азамат та өз таңдауын жасады.

Жалпы, Қаражал қаласында сайлау тыныш, ашық әрі ұйымдасқан түрде өтті. Барлық қажетті рәсімдер белгіленген тәртіпке сәйкес жүргізілді.

Қазіргі уақытта сайлау учаскелерінде дауыстарды санау рәсімі жүргізілуде.

Қаражалдықтар өз азаматтық таңдауын жасап, ел болашағына деген жауапкершілігін танытты.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған