Қарағанды облысының прокуратурасы Абай ауданының тұрғынына көмек көрсетті
Шахтаның саяжай қоғамдастығында тұратын, тек жеті сыныптық білімі бар 1976 жылы туған ер адамның жұмыссыз екені және ол бүгінгі күні туыстарының қолдауынсыз қалғаны белгілі болды.
Прокуратураның тапсырмасы бойынша Абай ауданының Жұмыспен қамту бөлімінің және полиция бөлімінің қызметкерлері ер адамның тұрғылықты жеріне барып, азаматтың өмір сүру жағдайлары қалыпты өмір сүруге жарамсыздығын, сонымен қатар оның жеке куәлігі жоқ екенін және мүгедектігі ресімделмегенін анықтады.
Ер адам Абай қаласындағы ауруханаға жатқызылып, оған медициналық көмек көрсетілді. Полиция басқармасы жедел түрде оған жеке куәлік ресімдеді.
Қазіргі уақытта азаматтың мүгедектігін ресімдеуге және оны медициналық-әлеуметтік мекемеге жіберуге қажетті құжаттар дайындалуда.
Бұл мәселе облыс прокуратурасының бақылауында.