Ұландықтар жоғалған баланы ата-анасына қайтарып берді
Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы «Орталық» өңірлік қолбасшылығына қарасты 5451 әскери бөлімінің әскери қызметкерлері жоғалған баланы анасына қайтарып берді.
Ағымдағы жылдың 9 қыркүйек күні сағат 20:20 шамасында Астана қаласының көшелерінде ефрейтор Дінмұхаммед Сайлау өзінің серіктестері Азамат Қизатұлы және Дінмұхаммет Әбдіғамит пен бірге қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етіп жүреді. Бір сәтте, әскери қызметкерлерге 11 жасар бала келіп, өзінің жоғалып кеткенің баяндайды. Мектептен шыққан соң белгісіз бағытқа кетіп, жоғалып кеткен баланың ата-анасын ұландықтар дереу іздеуге кіріседі. Шамамен 15 минут өткен соң, мектеп оқушысының анасы табылып, ұландықтар баланы анасына табыстайды. Өз кезегінде баланың анасы ұландықтарға алғысын білдіреді.
ҚР ІІМ ҰҰ «Орталық» ӨңҚ баспасөз қызметі