Ішкі істер министрлігі екі арнайы базаны біріктіреді

Просмотров: 26
«Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Үкімет қаулысы дайындалды, деп хабарлайды  247media.kz

«Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің «Оңтүстік» әскери-арнайы қамтамасыз ету базасы» мемлекеттік мекемесі және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің «Солтүстік» әскери-арнайы қамтамасыз ету базасы» мемлекеттік мекемесі қайта құрылсын. Оларды «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Әскери-арнайы қамтамасыз ету базасы» РМУ-ға біріктіру арқылы, — деп жазылған ресми құжатта.

Ішкі істер министрлігі түсіндіргендей, базаларды қайта құру бюджет қаражатын оңтайландыруға мүмкіндік береді. Бұл ретте «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің «Оңтүстік» әскери-арнайы қамтамасыз ету базасы» мемлекеттік мекемесінің штаттық санының қысқартылуына байланысты Ішкі істер министрлігінің орталық аппаратын БВСС, Алматы, Шымкент, Ақмола және Ақтөбе облыстарындағы дәрігерлік амбулаториялары бар ауруханалады күшейту жоспарлануда.

Қайта ұйымдастыру рәсімдері республикалық бюджеттен қосымша қаражат бөлуді талап етпейтіні түсіндірілді. Құжат 31 қазанға дейін қоғамдық талқылау үшін «Ашық НҚА» сайтында орналастырылған.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған