Қарағандыда күрес түрлерінен халықаралық турнир өтті

Просмотров: 11

Қарағандыда күрес түрлерінен халықаралық турнир өтті. Кеңес Одағының батыры Нұркен Әбдіровты еске түсіруге арналған дәстүрлі жарысқа еліміздің барлық аймағынан және Әзірбайжан, Өзбекстан, Қырғызстаннан балуандар келді.

Биылғы білектілер бәсекесіне 500-ден аса спортшы жиналды. Жарты ғасырдан аса тарихы бар турнирге бұрын-соңды мұншалықты балуан қатысқан емес. Жарыстың алғашқы күні грек-рим күресінің мықтылары анықталды. Бес салмақтың үшеуінде қырғыз жігіттерінің мерейі үстем болды. 55 келіде жерлесіміз Нариман Бекимов топ жарды. 63 келіде тәжірибелі Дастан Зарлыханов жарыс жеңімпазы атанды. Енді боз кілемге еркін және әйелдер күресінің балуандары шығады. Қарағанды облысы күрес федерациясының президенті Сабыржан Амандықовтың айтуынша, халықаралық турнирде жергілікті жастарға шеберліктерін шыңдауға мүмкіндік беріліп жатыр.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған