МЕМЛЕКЕТТІК КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТЕР МӘСЕЛЕСІ БОЙЫНША ВЕДОМСТВОАРАЛЫҚ ЖҰМЫС ТОБЫНЫҢ ОТЫРЫСЫ
2024 жылғы 19 желтоқсанда Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаменті жанындағы мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі ведомствоаралық жұмыс тобының кезекті отырысы өтті.
Отырыста Департаментпен 2 жартыжылдықта жүргізілген жоспарлы тексеріс қорытындылары талқыланып, анықталған бұзушылықтарды алдағы уақытта болдырмау үшін тиісті ұсыныстар әзірленді.
Сонымен қатар, Департаметпен 49 әлеуметтік сала қызмет түрлерін көрсетуді жетілдіру және бизнес процестерді оңтайландыру мақсатында жүргізілген талдау қорытындысы талқыланып, нәтижесінде 58 ұсыныс әзірленді.Бұдан бөлек, облыстық ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтер көрсету басқармасы басшысының және Приозерск қаласының әкімінің ЖАО-мен мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бағытында атқарылып жатқан жұмыстарының есептері тындалды. Талқылау қорытындысы бойынша ведомствоаралық жұмыс тобының мүшелері тиісті ұсынымдар берді.