Теміртауда корей мәдениетінің фестивалі өтеді

Просмотров: 43

Қарағанды облысындағы корей этномәдени бірлестігіне биыл 35 жыл. Мерейтойға орай көшпелі фестиваль ұйымдастырылды. Корей мәдениетімен жақынырақ танысқысы келетіндердің барлығын 17 шілдеде Теміртау қаласының Жастар үйіне (Тищенко көшесі, 2/1) шақырады.

Фестивальдің басталуы: 11.00. Кіру тегін.

«Бұл фестиваль қала тұрғындары мен қонақтарына корей халқының бай мәдениеті мен дәстүрлерімен танысуға бірегей мүмкіндік болып табылады. Бірлестік аймақтағы корей мәдениетін дамытуға және қолдауға бағытталған үлкен жұмыс жүргізуде. Сольналды (корей Жаңа жылын) мерекелеу, жастар форумдары, еріктілер акциялары сияқты көптеген іс-шаралар сәтті ұйымдастырылды», – деп атап өтті ұйымдастырушылар.

Фестивальде Мугунхва халық ансамблінің шығармашылық топтары өнер көрсетеді. Әндер корей және қазақ тілдерінде орындалады. Көрермендерге дәстүрлі Корей билері мен Корей барабандарында ойнау ұсынылады.

Спортшылар кореялық жекпе-жек өнерін – таэквондоны көрсетеді. Бағдарламада әлем және Азия чемпиондары, халықаралық турнирлердің жүлдегерлері өнер көрсетеді.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған