Ақ шашты жұлма, жерді таянба

Ақ шашты жұлмау. Халқымыз шаштың арасында пайда болған ақ шашты жұлуды дұрыс көрмеген. Ал бұл жайында Пайғамбарымыз бір хадисінде: «Хазіреті Пайғамбар мұрт, сақал және шаштағы ақ қылдарды жұлуға тиым салды»,-делінген. (Муснәд, ҮІ, 20-б.).

 Қайтыс болған адамдардың жамандықтарын сөз етпеу. Бұл мәселеде ардақты Елші (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын):  «Өлген адамдардың жақсылықтарын еске алыңыздар, жамандықтарын айтудан қашыңыздар»,-деп тиым салған (Әбу Дәуд, Әдеп,50.).

 Қолды жерге тіреп отырмау. Сахаба Шәрид ибн Сууәйд: «Мен сол қолымды арқа жағыма алып алақаныммен жер тіреп отырған кезімде Алла елшісі (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) жаныма келіп:  «Алланың лағнетіне ұшырағандардың (яһудилердің) отырысындай етіп отырсың ба?»,-деді»,-деген (Әбу Дәуд, Әдеп,22.).

Сондықтан үлкендеріміз жастарға үнемі «жерді таянба» деп ескертіп отырған.

Advertisment ad adsense adlogger