Ақтаудағы ұшақ апатынан аман қалғандар саны артты

Просмотров: 5
Соңғы ақпарат бойынша Ақтауда ұшақ апатынан аман қалғандар саны 28 адамға жетті, деп хабарлайды 247media.kz

Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

«Ақтау (Маңғыстау облысы) маңындағы жолаушылар ұшағының апатқа ұшырауы бойынша 28 адам әртүрлі дәрежедегі медициналық мекемелерге жеткізілді. Оларға облыстың ауруханаларында барлық қажетті медициналық көмек көрсетілуде. Оқиға орнына 23 жедел медициналық жәрдем бригадасы жұмылдырылды»,- делінген ақпаратта.Сондай-ақ, бүгін Астанадан Ақтауға құрамында хирургтар, травматологтар бар мамандар бригадасымен санитариялық авиация борты ұшатындығы атап өтілді.

Бұған дейін Ақтау маңында «Баку-Грозный» бағытындағы ұшақ апатқа ұшырағаны хабарланған болатын. Көлік министрлігінің мәліметінше, әуе кемесі Azerbaijan Airlines авиакомпаниясына тиесілі. Оқиға орнына ТЖМ жеке құрамынан 52 адам және 11 бірлік техникасы барды. Сондай-ақ, жолаушылардың тізімі жарияланды.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған