Ақын Руза Алдашева өз таңдауын жасады

Просмотров: 9

Ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Руза Жақыпқызы Алдашева республикалық референдумға қатысып, өз таңдауын жасады. Ол дауыс беру учаскесіне келіп, елдің болашағы үшін маңызды қоғамдық-саяси науқанға белсенді түрде атсалысты.


Ақынның айтуынша, Конституция – мемлекеттің іргетасын бекітетін, халықтың еркін білдіретін аса маңызды құжат. Сондықтан мұндай тарихи сәтте әр азамат өз көзқарасын білдіріп, ел тағдырына қатысты шешім қабылдауға қатысуы тиіс.
«Конституция – елдің рухани да, құқықтық та тірегі. Онда халқымыздың құндылықтары, болашаққа деген сенімі мен бағыты көрініс табады. Осындай маңызды кезеңде халықтың бірлігі мен белсенділігі ерекше рөл атқарады. Әр азамат өз таңдауын жасап, ел болашағына бейжай қарамайтынын көрсетуі керек», – деді Руза Алдашева.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған